Тілдік нұсқа
Радио

мақала

БАҚЫТТЫ БОЛУДЫҢ ЖОЛЫ...
28 маусым, 2018 жыл 1207 Басып шығару нұсқасы

Біреулерге ренжуге, қайғы-мұңға салынуға, әр күнді босқа өткізуге немесе үнемі тағдырға көңіл толмай жүру үшін өмір тым қысқа. Әрбір адам бақытты болуға лайықты және ол өз қолында. Ал бақытты болудың 3 жолы мыналар:

1. Қарапайым нәрселерге мән беру. Қымбат бағалы бір зат, машина немесе армандаған телефоныңызды алғыңыз келеді. Бірақ оған әзірге қолыңыз жетер емес. Соларды алсам менен бақытты жан болмас еді деп ойлайсыз. Шынында солай ма? Ал деніңіздің сау болып, құлағыңыз естіп, көзіңіздің көріп, сөйлеп, жүре алатыныңыздың өзі үлкен бақыт екеніне мән бердіңіз бе? Сіз үшін елеусіз қалған сол бақытқа жете алмай жүргендер қаншама?!

2. Бағалай білу. Жақындарыңызды бағалай біліңіз. «Кешір», «рахмет», «сізді жақсы көремін» деген сөздерді қаншалықты жиі айтып жүрсіз? Ол сөздер өзіңізді де, айналаңыздағыларды да қуанышқа бөлейтініне сеніңіз.

3. Аллаға шүкіршілік ету. Алдағы нәрселерге бас қатырып, сары уайымға салына бергеннен гөрі бүгінгі күніңізге шүкіршілік етіп, қанағат тұту – бақытты болудың ең оңай жол

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары