Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ғалымның жауабы
27 қараша, 2014 жыл 178 Басып шығару нұсқасы


photoЕрте заманда Наушарбан деген кісі әкесі қайтыс болғаннан кейін орнына патша болып, таққа отырды. Бір күні ғұламаларды жинап кеңес құрды. Наушарбан олардан:
- Дүниеде не нәрсе көркем?- деп сұрады. Отырғандардың әрқайсысы әртүрлі жауаптар айтты. Бірақ, патшаның көңіліне ешбір жауап қонбады. Осы кеңесте кезінде әділ үкім еткен бір ғалым бар еді. Сол ғалым:
- Тақсыр, дүниеде үш нәрседен көркем, абзал нәрсе жоқ. Олар: өлім, әйел және мұқтаждық,- деді. Наушарбан:
- Олай болса, дәлеліңді айт,- деді. Ғалым:
- Өлім әр нәрседен көркем, абзал дедім. Себебі, егер өлім болмаса, әкең өліп таққа отырмас едің. Бұл мемлекет саған тимес еді!- деді. Патша:
- Рас айтасың!- деп мақұлдады. Ғалым:
- Нәрселердің көркемі - әйел дедім. Себебі, егер әйел болмаса сен де дүниеге келмес едің,- деді.
- Рас айтасың!- деп патша тағы да мақұлдады. Ғалым:
- Мұқтаждық әр нәрседен абзал (жақсырақ) дедім. Себебі, егер де мұқтаждық болмаса, мемлекетіңде, қызметіңде, мен сияқты ғалым болмас еді. Сенде әскер болмас едің,- деді.
- Рас айтасың!- деп патша және мақұлдады. Ғалымның жауабына көңілі толған билеуші оған шапан жауып, 100 мың динар сыйлық бергізеді.






Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары