Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ДҰҒАНЫҢ ҚАБЫЛ БОЛМАУ СЕБЕБІ
02 шілде, 2018 жыл 714 Басып шығару нұсқасы

Бір Ибраһим бин Адһам Басраның базарынан келе жатып, бір топ адамға жолығады. Олар айтады: «Алла Тағала: Дұға етіңдер, жауап берем» деген. Расында біз дұға етеміз. Алайда, дұғамыз қабыл етілмейді. Бұл неліктен? – деп сұрақ қояды. Бұған тақуа Ибраһим бин Адһам әрі ғұлама (р.а.): «Сендердің жүректерің мына он түрлі нәрседен өлген. Олар:

1. Расында, сендер Алланы таныдыңдар, бірақ Оның ақысын өтемедіңдер. Яғни, бұйырғанын орындап, тыйым салғанынан тыйылмадыңдар.

2. Алла елшісін жақсы көрдіңдер, алайда оның амалдары мен сүннетін тастап қойдыңдар.

3. Сендер Алланың кітабы Құранды оқыдыңдар да, бірақ оған амал етпедіңдер.

4. Алланың ризық-несібесін жедіңдер, бірақ шүкіршілік етпедіңдер.

5. Шайтанды дұшпан дедіңдер де, бірақ одан сақтанбадыңдар.

6. Жәннатты хақ дедіңдер де, бірақ ол үшін әрекет етпедіңдер.

7. Тозақтан хақ дедіңдер де, бірақ одан қашпадыңдар.

8. Өлім хақ деп айтасыңдар, бірақ оған дайындалмадыңдар.

9. Ұйқыларыңнан тұра салып біреудің айыбын ашуға тырысасыңдар, ал өз айып-қателіктеріңді білмейсіңдер.

10. Араларыңнан қайтқан кісіні жерлейсіңдер, бірақ одан ғибрат алмайсыңдар»[1] , – деп жауап берген екен.

[1] Мунаббихат

muslim.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары