Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Алла Тағала шыбынды не үшін жаратты?
02 шілде, 2018 жыл 1112 Басып шығару нұсқасы

Бір күні халифа Әбу Жағфар Мансұр (95-158/714-775) әдеттегідей сарайында отырады. Кенеттен бір шыбын ұшып келіп жүзіне қонады. Ол шыбынды қағып жібереді. Алайда шыбын қайта айналып келіп жүзіне қонады. Қайта қағып жібереді. Осылайша шыбын бірнеше мәрте халифаның жүзіне қонып мазасын алады. Халифа ыза болады. Есіктің аузында тұрған нөкерлеріне қарап:

- Есіктің алдына кім келіп тұр? - деп сұрайды. Нөкерлердің бірі келіп:

- Мұқатил ибн Сүлеймен (Мұқатил ибн Сүлеймен - ғалым, тәфсірші, һижри 150 жылы дүниеден өткен) кіруге рұқсат сұрап тұр, - дейді. Халифа:

- Дереу алдыма кіргізіңдер, - дейді. Мұқатил сарайға кіреді. Халифа Мұқатилді көрген бетте:

- Алла Тағала шыбынды неге жаратқандығын білесің бе? - деп сауал қояды. Мұқатил еш кідірместен:+

- Алла Тағағала шыбынды өзін құдіреттімін деп санаған зорларды тәубесіне түсіру үшін жаратты, - деп жауап береді. Әбу Жағфардың аузына құм құйылып, ләм-мим деп тіл қатпаған екен.

muslim.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары