Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Исламда қыз бен ұлды не себепті жеке бөліп тәрбиелеу керек?
02 шілде, 2018 жыл 1017 Басып шығару нұсқасы

Исламдағы бала тәрбиесінде Баланы жынысына қарай бөліп тәрбиелеудің аса үлкен маңызы бар. Ислам діні ата-ана мен баланың қарым-қатынасынжақсы деңгейде болуын назарда ұстайды. Осы мақсатта ата-анаға артылатын міндеттер аса маңызды. Ол үшін баланың бүгіні ғана емес ертеңгі өміріне де дайындық жасалуы талап етіледі. Яғни, Алланы танытып, иманды, салиқалы ұрпақ тәрбиелеу. Бала тәрбиесінде не мәселеге ерекше назар аудару қажет?

 

Жынысына қарай бөлу. Бүлдіршін кезең (2-6 жас аралығы) балаға жынысына қарай дұрыс бағыт-бағдар көрсету мерзімі. 2 жастан асқанда ұл мен қыздың төсек орнын бөлек салу қажет. Үйде іш киімсіз жүргізбесе, қыз бала өсе келе әурет жерлерін жауып жүруді бойына қалыптастырады. Ал, ұл балалар қызды сыйлап, қамқорлықпен қарауға бейімделеді. Бүлдіршіндерге оның жынысы туралы айтып, бір-бірінен ерекшелігін түсіндіру де маңызды. Ерте жастан ұл мен қызды ажырата белген бала сыртқы ортада өзіне дос таңдауда қателікке ұрынбайды. Баланың сыртқы келбетіне,киіміне де ерекше көңіл бөлген жөн. Қазір қысқа, тар, жартылай жыртық киімдер сәнге айналды. Барынша жабық, кең тұратын киімдер киген бала еркін қозғалып, физиологиялық тұрғыдан да дамуы дұрыс өрбиді. Осы тұста ескеретін мәселе, ата-ана өз бөлмесіне балаларды рұқсатсыз кіргізбеуге үйрету. Ата-ананың ашық-шашық жүргенін көріп өскен балада ата-анаға құрмет жоғалады, имансыздық қалыптасады.

Діни білім беру. Тілі шыққан баланың алғашқы сөзі Алла болса, оның жүрегі иманға толы болмақ. «Балаларыңа алғаш үйрететін сөздерің «Лә иләһә иллалаһ» болсын (ибн Әби Шәйбә). Жақсы мен жаманды, сауап пен күнә дегенді үйретіп, әрбір әрекетті ақылмен жасауға дағдыландыру қажет. Бала есін біліп, оң-солын таныған шақтан бастап, оған Құран жаттатып, намазға үйрету сүннет. Пайғамбарымыз (ﷺ) намаз оқу туралы: «Жеті жасына келгенде балаға намаз оқуды бұйырыңдар», — деген (Әбу Дәуд, Тирмизи). Ал, Құран жаттау туралы: «Кім Құранды жас кезінде үйренсе етіне және қанына сіңіреді, ал есейгенде үйренгеніуысынан тез шығарып алады…» деген (инб Сахнун). Баланың тәмииз (7-10 жас аралығы) жасында Құранды жаттаумен ғана емес, Алла және оның құдіреті, пайғамбарлар мен періштелер, осы дүние мен о дүние, мұғжизалар мен Алланың нығметтері туралы да мол ілім алу абзал.

Шаxуат дегенді дұрыс ұғындыру. Жасөспірімдік немесе мураһиқ жасына (10-15 жас аралығы)жеткенде ұл-қызға физиологиялық өзгерістер туралы ғылыми мәліметтерді негізге ала отырып, мол ақпарат берілгені жақсы. Өмірлік мәні бар бұл тақырыпты ата-ананың түсіндіргені дұрыс. Ұялып, баламен сөйлесудің ретін таппай жүргенде, балиғат жасына жете бастаған ұл-қыз үлкен қателікке ұрынып қалуы мүмкін. Ұлға мәнидің, қызға етеккірдің физиологиялық қалыптасу кезеңінде болатын құбылыс екендігі түсіндірілуі қажет. Ол ертерек айтылса, бала психологиялық тұрғыдан дайын болады. Қыздар етеккірі келгенде күтінуді білмей, сырқаттануы ғажап емес. Мұның соңы бедеулікке алып баруы ғажап емес. Осы тұста ұлға да қызға да шахуат дегеннің не екенін ашық айту қажет етіледі. Үйленіп, тұрмыс құрмай физиологиялық шахуат қандыру күнә екендігі баланың санасына жетуі керек. Күнәға апаратын барлық амалдар осы кезеңде айтылса, бүгінгі қоғамдағы күнәлі, жантүршігерлік оқиғалар орын алмасы анық. Бұларды анық ұққан бала сосын үйленіп, отбасық құруға саналы тұрғыда дайын болады.

Бала тәрбиесі ата-анаға міндет. Сол себепті оған немқұрайлылық танытпайық.

Нуров Маxмут қажы Нурұлы

«Бала қажы» мешітінің бас имамы

studentmedia.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары