Қарағанды 05:18 Күн
  • 03:18 Таң
  • 05:18 Күн
  • 13:19 Бесін
  • 18:42 Екінті
  • 21:10 Шам
  • 23:09 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • ҚазРус
  • Радио
  • Кіру

Бай болудың 1 әдісі

Әбу Сайид ибн Мәлик он үш жасында әкесімен бірге Ухуд шайқасына қатысқан сахаба. Сол соғысты әкесі шейіт болады да, отбасының бүкіл ауыртпашылығы жап-жас Әбу Сайидтың мойнына түседі. Кедейлікті бастан кешіреді. Аштықтан қарындарына тас байлап алатын кездері болады. Сонда үйіндегілер: «Бар да, Алла елшісінен (с.ғ.с.) бір нәрсе сұрап кел! Жұрттың бәрі сұрап жатыр ғой» деген шағым мәндес сөз айтады. Алғашында барғысы келмейді. Бірақ жағдай қысып бара жатқан соң, не де болса, Алла Елшісіне (с.ғ.с.) барып жолығуға бел байлайды.

Құдайдың құдіретін қараңыз, Расулулланың (с.ғ.с.) қасына барып қалса, ол халыққа мына сөзді айтып тұр екен: «Көңілін тоқ тұтқан және ар-намысты жоғары ұстаған кісілерді Алла тағала өзге жұрттан бай етеді».

Осы сөзді естіген Әбу Сайид тілегін Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) айтпай-ақ үйіне қайтып кетеді. Содан кейінгі жағдайды өз аузымен былай деп жеткізген: «Алла елшісінен (с.ғ.с.) ештеңе сұрамай үйге қайтқан күні Алла бізге рызық-несібесін жіберді. Содан былай ісімізге береке дарығаны сонша Ансарлардың арасында бізден бай ешкім болмады...» (Ахмад ибн Ханбал. Мүснад. ІІІ т., 449-бет)

Міне, біздің несібе іздегенде жасайтын үлкен қателіктерімізді бірі осында жатыр. Айналадағы әркімнің дәулетіне көз тігіп, мен де солардай болсам ғой деп іштей тілеп жүрудің өзі көңілдің тоқ емес екенін білдіреді. Оның орнына Алланың маған берген несібесі өзіме жетеді, Құдайға шүкір деу керек. Екінші мәселе – ар-намысты жоғары ұстау. Жұртқа алақан жаюды намыс көрудің өзі адамды еңбекке баулып, табысқа қарай жетелесе керек. Абай атамыз айтқандай, телмірген көзімізді емес, маңдайымыздан аққан терімізді сатуымыз қажет. Сонда бай боламыз. Алла елшісі (с.ғ.с.) қателеспейді.

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    18 шілде 2018 жыл Хауа анамыз қалай жаратылған? (әлемдегі ең сұлу әйел)
    Ол ұйқыда жатқан кезде Алла тағала оның сол жақ қабырғасының бірін алып, сүйекті етпен қаптайды. Одан Хауа анамызды жаратады. Құранда былайша көрініс табады: «Ей, адамдар! Сендерді бір кісіден(Адам атадан) жаратқан және одан жұбайын(Хауа ананы) жаратып, ол екеуінен көптеген ер, әйелдер таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар»/1/,- деген.
    18 шілде 2018 жыл Шайтанның айласы
    17 шілде 2018 жыл «Әәмиин» сөзінің мағынасы қандай?
    Қазіргі кезде әлеуметтік желілерде пікір білдірушілердің «әәмиин» сөзін дұрыс қолданбай жатқан жайы жиі байқалады. Осы жағдай күнәлі іске айналып, наразылық тудырмас үшін (өйткені, көп жағдайда «әәмиин» сөзі орынсыз қолданылады), осы мақала жазылып отыр.Мұның мақсаты - осы сөздің мағынасы мен оны қолдануды қажет ететін жағдайларды түсіндіріп беру.
    © 2009-2018, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика