Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ЖАЛҚАУЛЫҚТЫҢ ЕМІ БАР МА?
03 тамыз, 2020 жыл 1694 Басып шығару нұсқасы

Жетті жұттың бірі-жалқаулық. Ол шынымен адамды жұтып тынуға қауқары жететін жаман әдет. Ал бір мемлекетте жалқаулар көп болса, онда ол елдің болашағына тұтастай қауіп төнді дегенді білдіреді.Егер гендік қару секілді, адам бойындағы жалқаулықты арттыратын қару ойланып табылса, онда сөз жоқ кез-келген ел ол қаруды жауына қарсы күш ретінде пайдаланар еді. Демек, біз жалқау болсақ, дұшпанымыздың бірінші тілегін бұлжытпай орындап береміз деген сөз.

Жалпы жалқаулық ауру ма, әлде әлсіздік пе?

Бұл сұраққа нақты жауап беру қиын. Өйткені жалқауларда көптеген көріністер бар. Тұжырымдай  келе жаулқаулар әлсіздікке жақын болып келеді. Қазіргі өмірде көбінесе жақаулықты басқа іспен ауыстырады. Мысалы студент емтиханға дайындалудың орынына телефон шұқылаумен, видео көрумен немесе жолдастарымен көшеде жүреді.  Ауру деп нақты бір мәселе болғанда, қашан адам ағзасы  әлсіреп, тыныштықты іздеген кезде айтатынымыз бар. Бұндай аурулар психикаға немесе ағза әсер етеуі әбден мүмкін. Айтпақшы, біріншісінен екіншісін бөліп қарастыру  қиын емес. Жалқаулық, адамның  өзіне тән қасиеті болмаса, алайда сондай кейіпте жүрсе, онда бірден  оны ауру санатына қоса салуға болмайды. Бұны біз депрессияға  түсуі деп білеміз. Бірақ депрессияның өзі ауру алып келетінін  естен шығармау қажет.

Егер жалқаулық  пен еріншектік  әу бастан өзіне тән қасиет болса, онда ол-әлсіз, жігерсіз және  болашағына күмәнмен қарайтын адам.

ЖАЛҚАУЛАРДЫҢ КӨБІНЕСЕ ҮШ СЕРІГІ БОЛАДЫ. ОЛАР

ӨМІРІ ЖОЛЫ БОЛМАУШЫЛЫҚ,

ДЕПРЕССИЯ ЖӘНЕ

КӨҢІЛСІЗДІК (АПАТИЯ).

Олар  бір-бірімен тығыз байланысты  және тұйық орта құрады. Басында айтып өткендей жалқаулық ерте заманнан адамға серік болып келеді. Оның жеке адамның  дамуына өсіп, өркендеуіне  кедергісі барын ұмытпауымыз қажет. Бірақ  қандай нәрсе болса да оның шығу жолы және емі барын

Жалқаулықтың бірер емі бар. Олар мынадый:

Біріншісі – тақуалық[1]: күнәлардан ұзақ болып, Алланың әмірлерін ақсатпау. Себебі Алла Тағала Құран Кәрімде:

وَمَنْ يَتَّقِ اللهَ يَجْعَلْ لَهُ مِنْ أَمْرِهِ يُسْرًا

«Кім Алладан қорықса, оның ісіне жеңілдік береді»[2], – деген. Ендеше, кімде-кім күнәлі іс істеп немесе соған жақын жүрсе, онда оның ғибадатқа деген құлшынысы әлсірей береді.

Екіншіден – ғибадатты кешіктірмеу. Әр ғибадатты өз уақытында, әуелгі уақытында оқу. Еріншектің ертеңі таусылмайды. Ал мұсылман – хайырлы істі кейінгіге қалдырмайды.

Үшіншіден – көпшіліктің, жамағаттың жанында болу. Себебі шайтанның азғыруы көпшіліктен гөрі жекелеген адамдарға әсерлірек.

Төртіншіден – жалқаулыққа қарсы Алладан көмек сұрап дұға жасау. Мысалға, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) мына дұғасы:

اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ العَجْزِ وَالكَسَلِ، وَالجُبْنِ وَالبُخْلِ وَالهَرَمِ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ عَذَابِ القَبْرِ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ فِتْنَةِ المَحْيَا وَالمَمَاتِ

Оқылуы: «Аллаһумма инни аъузу бика минәл-ъажзи уәл-кәсәл, уәл-жубни уәл-бухли уәл-һарам, уә аъузу бика мин ъазабил-қабр, уа аъузу бика мин фитнәтил-махиа уәл-мәмат».

Мағынасы: «Уа, Алла! Расында мен әлсіздік пен еріншектіктен, қоқақтық, сараңдық, хайырсыз кәріліктен және тірілер мен өлілердің бүлігінен бір Өзіңе сыйынамын»[3].

ЖАЛҚАУЛАРДЫҢ НАҚТЫ МАҚСАТЫ МЕН АРМАНЫ ЖОҚ, СОЛ СЕБЕПТІ БОС ҚИЯЛҒА БЕРІЛІП УАҚЫТЫН БОСҚА ӨТКІЗЕТІНДЕР КӨП.

Алла баршамызға ғибадатымызға берік, амалдарымызға ықыласты болуымызды нәсіп етсін.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары