Қарағанды 05:17 Таң
  • 05:17 Таң
  • 06:42 Күн
  • 13:07 Бесін
  • 17:23 Екінті
  • 19:20 Шам
  • 20:45 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • ҚазРус
  • Радио
  • Кіру

Орамалсыз қыздың ораза-намазы қабыл бола ма?

Мұсылман қыз-келіншектің басына орамал салып, ұзын киінуін Алла Тағала: «Әй Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және мүмін әйелдерге айт: Үстеріне бүркеншіктерін орансын. Бұл, олардың танылуларына, сондай-ақ кейітілмеулеріне жақынырақ. Алла (Т.) аса жарылқаушы, тым мейірімді[1]»,-деп әмір еткен. Және бөтен ер кісілер көзінше орамалсыз жүруге қатаң тыйым салып: «Мүмін әйелдерге де айт: (бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өзіндігінен көрінгендері басқа (беті, қол-аяқтары). Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін керсетпесін...[2]»,-деп бұйырған. Осы аяттар негізінде мұсылман әйелдің киіміне қойылатын талаптар:

1. Киімнің ұзындығы. Бет-жүзі мен қос алақаны және аяғы тобықтан төмен жерінен басқа тұла бойын көйлегі (киімі) жауып тұруы;

2. Киімнің кеңдігі. Көйлек дене пішімін айқындап тұратындай тар болмауы;

3. Киім матасының сапасы. Киімі (көйлегі) дене терісі көрініп тұратындай жұқа болмауы;

Ал, шариғат парыздарына келсек, құлшылықтардың бірі екіншісінің орнын баспайды. Мәселен, намаз оқыған адам оразадан босатылмайды. Сол сияқты, намаз оқып және ораза тұтқан әйел орамалсыз жүруіне рұқсат етілмейді.

Намаз бен оразаның қабыл болуы тек Алла Тағалаға байланысты. Дегенмен, мұсылман тіпті күнә жасап қойса да Алла Тағала мейірімді де, кешірімді деген жақсы ойда болуға міндетті. Себебі, Құран Кәрімде: «...Шынында жақсылықтар, жамандықтарды жояды...[3]»,-деп айтылғандай намаз және ораза сияқты ғибадаттармен жаман амалдар жойылады. Бірақ, керісінше емес.

Сонымен бірге, құлшылықтың қабыл болуының белгісінің бірі, сол амалдың адамды жақсылыққа жетелеуі. Ал, Алла Тағаланың әміріне бойұсынып, орамал тағып ұзын киіну ең үлкен жақсылықтардың бірі.

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    18 қыркүйек 2018 жыл Қорқынышты жеңу үшін...
    14 қыркүйек 2018 жыл Алла кешірмейтін күнә
    12 қыркүйек 2018 жыл Намаздың миға әсері қандай?
    10 қыркүйек 2018 жыл Бақытты отбасы болудың сыры
    © 2009-2018, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика