Қарағанды 13:06 Бесін
  • 05:20 Таң
  • 06:45 Күн
  • 13:06 Бесін
  • 17:19 Екінті
  • 19:16 Шам
  • 20:41 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • ҚазРус
  • Радио
  • Кіру

Исламда отбасы құндылығы неде?

Бүгінгі Қазақстанның дамыған елдердің қатарына ену жолында қазақ халқының дінге берік болуы, тілі мен ділін сақтауы өте маңызды. Ислам дінімізде отбасы құндылықтарын сақтау жолдары өте нәзік суреттелген. Ислам әйел адам мен ер адам бір-бірін толықтырып тұратындығын және бір-бірі үшін тірек болатындығын бекітіп, қасиетті Құранның Бақара сүресінің 187-аятында: «Олар сендерге киім, сендер де оларға киім іспеттісіңдер» — деген. Сондай-ақ, Құран Кәрім мен пайғамбарымыздың сүннетінде әйел адамға ерекше көңіл бөліп, оның ар-намысын қорғап, қоғамда лайықты орынға ие болуын қамтамасыз етеді. Құранда Алла Тағаланың ер мен әйелдің бір-бірі үшін жаратылғандықтан, өз теңін тауып, отбасын құрғанда жандары тыныштық тауып, бақытты ғұмырдың алғышарттарына қол жеткізетіндігін Рум сүресінің 21-аятында баяндайды: «Сендерге, оған тұрақтауларың үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік, мейірімділік пайда қылғандығы да Оның белгілерінен. Сөз жоқ, осыларда ойланған елге белгілер бар».

Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Ер кісі отбасының бақташысы, Сондықтан ол қол астындағыларға жауапты» деген. Тағы да тағылым тұнбасы-хадистерде: «Әйел өз үйі мен балаларының бақташысы, сол үшін жауапты» деп, әйелді отбасы берекесінің ұйтқысы, ұйыстырушысы ретінде белгілеген. Ал, әйел заты – әуелі күйеуіне бойұсынуы тиіс, содан кейін өз намысын, бала-шағасының, сондай-ақ үйі мен мал-мүлкін қорғап отыруға міндетті. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әйел бес уақыт намазын оқыса, рамазан айында оразасын тұтса, ар-намысын қорғап және күйеуіне мойынсұнатын болса жәннәт есіктерінен қалағанына кіреді» — деп, әйел кісінің міндетін дөп басып көрсеткен.

Отбасындағы бала тәрбиесі де ерекше назарға алынады. «Алланың елшісі (с.ғ.с.) немересі Хасанды сүйген еді. Сол уақытта оның қасында әл-Ақрағ ибн Хабис әт-Тамими отырған болатын.  Пайғамбардың (с.ғ.с.) мұндай махаббатын көрген Ақрағ: – Расында менің он балам бар. Олардың бірін де сүймедім, – деп айтады. Алланың елшісі (с.ғ.с.) оған қарап: – Кім рахымды болмаса, оған рахымдылық бұйырмайды, – дейді» (Бұхари). Демек, отбасына, балаларға, көршіге, қоғам мүшелеріне рақымды болу – мұсылманның қасиеті.

Дініміз әрбір мұсылманды ағайын, туысқа, көршіге адал, әділ әрі қайырымды болуға шақырады. Құранда Алла Тағала: «Аллаға құлшылық қылыңдар. Оған еш нәрсені ортақ қоспаңдар және әке-шешеге жақындарға, жетімдерге, міскіндерге жақын көршіге, бөгде көршіге, жан жолдасқа, жолда қалғандарға және қол астындағы құл мен күңдерге жақсылық қылыңдар. Негізінен Алла тәкаппар, мақтаншақты жақсы көрмейді», – деп бұйырған (Ниса: 36).олай болға, әрбір отбасында әр мен әйелге өз дәрежесінде көңіл бөлінуі абзал. Бала тәрбиесіне ерекше назар аударылып, салиқалы ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі күннің басты міндеті болмақ.

Алла барша халыққа қайырлы отбасы мен салиқалы ұрпақ нәсіп етсін!

Түсіпбеков Асылхан

Балқаш қалалық орталық мешіттің наиб имамы

studentmedia.kz
Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    18 қыркүйек 2018 жыл Қорқынышты жеңу үшін...
    14 қыркүйек 2018 жыл Алла кешірмейтін күнә
    12 қыркүйек 2018 жыл Намаздың миға әсері қандай?
    10 қыркүйек 2018 жыл Бақытты отбасы болудың сыры
    © 2009-2018, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика