Қарағанды 06:51 Таң
  • 06:51 Таң
  • 08:20 Күн
  • 12:58 Бесін
  • 15:38 Екінті
  • 17:25 Шам
  • 18:54 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • ҚазРус
  • Радио
  • Кіру

Алланың сүйікті құлы екенін білдіретін белгілер бар ма?

Қазақтың ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлы өзінің бір өлеңінде: «Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті», – деп жырлағанын білетін болармыз. Шындығында да, Алла Тағала адамзат баласын аса көркем етіп, асқан махаббатпен жаратқан. Және де құдіреті шексіз Жаратушы Алланың құлдарына деген мейірімділігі мен рақымдылығының да шексіз екені айтылады. Десек те, өзінің тақуалығымен, діндарлығымен, асыл қасиеттерімен Алла Тағаланың сүйікті құлдарына айналған жандар да аз кездеспейді. Жаратушының ондай пендесіне деген сүйіспеншілігін білдіретін көптеген белгілер бар. Солардың бірқатары мыналар:

1. Алла Елшісінің (с.ғ.с.) жолымен жүрудің оңайға соғуы және сүннетті орындау жеңіл тиюі;

2. Мұсылман жанның өз бауырларымен қарым-қатынасы мейірімділік пен кішіпейілділікке құрылып, ал өзге діндегі адамдармен мәміле жасағанда діни абыройын биік қою. Шайтан азғыруына алданбай, нәпсіқұмарлық және жаман мінез-құлықпен күресу – оның басты жолы. Ақиқат жолын ұстануда адамдардың жазғыру сөздерінен қорықпауы;

3. Адамдарға деген жүрегінде зәредей де қастық пен жеккөрушілік сезімінің болмауы. Әсіресе, көпшіліктің сынына қалған жандарға түсіністікпен қарау. Өйткені, шынайы мұсылман өзгенің мінін қазбалағаннан гөрі, өз қате-кемшілігін түзетумен әлек болады. Ал, адамдардың ішкі жан-сыры тек Аллаға аян.

4. Парыз құлшылықтарға мұқият болуға, қала берсе нәпіл ғибадаттарды көп жасауға Алла Тағала жәрдем етуі. Тіпті, жүрегіндегі иманы әсерінен әрбір іс-қимылын құлшылыққа пара-пар орындауы.

5. Адамдардың жүрегінде ерекше орынға ие болуы. Бұл – пенденің Алла Тағала және періштелердің сүйіспеншілігіне бөленгендігінің белгісі. Әбу һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Егер Алла Тағала бір пендені жақсы көрсе, Жәбірейілге: «Ақиқатында, Алла пәленшені жақсы көреді, сен де оны жақсы көр», – дейді. Сонда Жәбірейіл оны жақсы көріп, аспанды мекен етушілерге: «Ақиқатында, Алла пәленшені жақсы көреді, сендер де оны жақсы көріңдер», – деп жар салады. Сонда оны аспанды мекен етушілер (періштелер) жақсы көріп, оған жер бетінде жолы ашылады[1]», – делінген.

6. Мұсылман өзін үнемі құлшылыққа ынталы болып, Алла Тағала құзырына ұмтылып тұрғанын, тілімен зікір етіп, ой-санасы Жаратушының ғаламдағы құдіретіне зер салып, ғибраттанып жүретінін сезінуі.

Міне, осы әрекеттер – пендені Раббысы жақсы көретіндігінің ең негізгі белгілері. Алла Тағала жақсырақ Білуші.

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    15 қараша 2018 жыл Мәуліт мүбарак болсын!
    13 қараша 2018 жыл Ең керемет әке
    13 қараша 2018 жыл Құбыла бағыты
    06 қараша 2018 жыл Аллаға еркелесем...
    © 2009-2018, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика