Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Аманат
02 желтоқсан, 2014 жыл 123 Басып шығару нұсқасы

Меккеде бір кедей кісі өмір сүріпті. Оның иманды, діндар әйелі болған екен. Ол Аллаға құлшылық етіп, парыздарын өтейтін. Өзіне иман нығметін бергені үшін Аллаға көп мадақ айтатын. Бір күндері оларды аштық қысады. Ішіп-жерге тамақ таппайды. Сонымен, әлгі кісі кәсіп етіп, тамақ табар жұмыс іздеп шығады. Алайда оған тез арада жұмыс табыла қоймады. Содан Қағбаға беттейді. Онда Алладан өзіне кәсіп пен рызық беруін сұрап дұға етеді. Содан намаз оқып, қайтуға жиналған сәтте оның көзіне түйіншекке оралған бір нәрсе шалынады. Ашып қарағанда ішінен мың динар табады да, қатты қуанады. Әйеліне болған оқиғаны айтады.


Мұны естіген әйелі оған: “Ия, Абдулла, бұл затты тауып алған жеріңе қайта бар да, ондағы адамдардан ешкімнің зат жоғалтпағандығын дауыстап сұра. Егер зат иесі шықпаса, бұл бізге тиесілі болады, дейді. Кедей кісі затты тапқан жерге қайта оралады да, әйелінің айтқанындай істейді. Сол кезде: “Сен ішінде мың динар бар қапшық таптың ба?" - деген дауысты естиді.
Кедей кісі: “Ия, бауырым, ол — міне,” - дейді.
Оған әлгі кісі: “Жоқ, ол — сенікі. Оған қоса саған тағы да тоғыз мың динар тиесілі,” - дейді.
Кедей кісі: “Ей, бауырым, немене, мені келемеждеп тұрсың ба?” - деп сұрайды.
Сонда жаңағы кісі оған: “Ей, бауырым, мен сені мазақ етіп тұрған жоқпын. Менің туысым он мың динар беріп маған: "Бұл ақшаның бір мыңын қапшыққа сал да, Харам мешітінің жанына таста, содан соң мен осындай зат, осынша ақша жоғалттым деп дауыста. Егер оны тауып алған адам ақшаны түгел қайтарса, ол сенімді адам болғаны. Оған қалған тоғыз мыңды қоса бер, өйткені ол — сенімді, адал кісі. Бұл ақшадан өзі де алады, кедейлерге де садақа етіп таратады. Сөйтіп, біздің садақамыз мұндай сенімді кісінің құрметі үшін Алла қаласа қабыл болады,”- деді,” - дейді.
Әңгіменің түйіні: Сенімділігі мен аманатқа адалдығы үшін Алла Тағала кедей кісінің ризығын арттырды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары