Қарағанды 05:18 Күн
  • 03:18 Таң
  • 05:18 Күн
  • 13:19 Бесін
  • 18:42 Екінті
  • 21:10 Шам
  • 23:09 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • ҚазРус
  • Радио
  • Кіру

Біз неге алданып қала береміз?

Қазақтың қанына біткен адалдық көп жағдайда өзіне кері әсерін тигізіп жатады. Елдің ішіне іріткі салушылардың көптеп кіруіне бірден-бір себеп біздің аңғалдығымызда болса керек. Өзгенің жемтігі болмас үшін барша халық ілім іздеп, жүректі иманға толтырып, тура долға түсуі қажет. осы жолда ұстанатын басты қағида: бірлік! Елдің тұтастығы осы бірлікте жатыр. Бірлікті сақтаудың ең тиімді жолы – туыстық қарым-қатынасты нығайту.

Айша (р.а.) Алла елшісінің (ﷺ) былай деп айтқанын жеткізді: «Алланың Күрсісіне ілулі тұрған туыстық байланыстар былай дейді: «Алла бізді ұстанғандарға сауап береді де, бізді ұстанбағандарды Өзінен алыстатады» (Бухари, Муслим). Олай болса, Аллаға жақындататын амалдырдың бірі – туыстық қарым-қатынасты нығайту екен. Туыспен байланыста болу мұсылманды Жәннатқа кіргізетін амалдардың бірі болып табылады екен. Туыстық қарым-қатынас үзілмесе елдің бірлігі де үзілмейді. Отбасының құндылығы жойылмайды. Аға мен іні, әпке мен сіңлі араздаспайды. Абу Айнуб Халид бин Зайд аль-Ансари (р.а.) былай деді: «Бірде бір адам Пайғамбарға (ﷺ) келіп: «Маған Жәннатқа кіруіме көмектесетін бір амал айтшы», – деді. Пайғамбар (ﷺ): «Аллаға құлшылық ет те Одан басқа ешкімге құлшылық етпе, намаз оқы, зекет төле және туысқандық қарым-қатынасты ұстан»,– деді (Бухари, Муслим).  

Біз сахабалардың өмірінен сабақ алуымыз қажет. Пайғамбарымыздың (ﷺ) көрсетіп кеткен жолымен әрекет қылған сахабалар әсте қателеспеген. Анас (р.а.): «Ансарлардың ішінде пальма ағаштарын ең көп иемденген Абу Тальха болатын, ал дүниелерінің ішіндегі оған ең қатты ұнайтыны мешіттің алдында орналасқан Байрақа (пальмалы тоғай) болатын. (Ол тоғайға) Алланың елшісі (ﷺ) таза суынан ішуге жиі келіп тұратын. Ал мына аят түскен кезде: «Сүйген нәрселеріңді Алла жолында жұсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар…» - Абу Тальха Алла елшісіне (ﷺ) келіп: «Иә Аллаһтың елшісі, Ұлы Алла Тағала: «Сүйген нәрселеріңді Алла жолында жұсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар…», - деді, – ал менің ең сүйікті нәрсем, ол Байрақа, сондықтан ол Алла жолындағы берген садақам болсын, ал мен болсам онымен жақсылыққа жетіп, о дүниеге дайындаған сауабым болсын деп үміттенемін», – деді. Бұған Аллаһтың елшісі (ﷺ): «Тамаша! Бұл дүние табыс әкеледі, әлбетте табыс әкеледі! Мен сенің айтқан сөздеріңді естідім, расында, мен оны туысқандарың мен жақындарыңа беруің керек деп ойлаймын», – деді. Осыдан кейін ол оны туысқандары мен әкесімен (не шешесімен) ағайындас ағасының баларына бөліп берді (Бухари, Муслим).  

Ағайынмен аралас-құралас болуы қазақ үшін жат емес. Тек соны үзіп алмай, ары қарай жалғастырып, ұрпаққа өнеге ету керек. Сальман бин Әмір (р.а.) Алла елшісінің (ﷺ) былай деп айтқанын жеткізді: «Кедейге садақа беру ол тек қана садақа, ал туысқанға көмектесу ол екі нәрсе – садақа және туысқандық қарым-қатынасты ұстану»  (Ат-Тирмизи).

Туыстық байланысты нығайтатын ол – әрбір отбасындағы ошағы яғни, жары! Исламда әйел адамға үлкен құрметпен қарайды. Әйел кісі үйдің шамшырағы, шаңырақтың түндігі, үйдің іргесі іспетті. Егер түндік жабылса үй қараңғы болады. Әйелдің қабағы қатайса, үйде береке кетеді. Ер азамат отбасын асырап, бала-шағасының нәпақасын тауып отырса бұл үйге құт қонады. Құтты, тату отбасы әрине өз кезегінде ағайын-туыспен қарым-қатынасын нығайта түседі. Абу Хурайра (р.а.) Алла елшісінің (ﷺ) былай деп айтқанын жеткізді: «Әр күні, Аллаһтың құлдары оянатын уақытында, көктен екі періште түсіп, оладың бірі: «Иә Алла, ақшасын (сауабты істерге) жұмсағандардың ақшасын толықтыр!», – десе, екіншісі: «Иә Алла, сараңның ісін опат қыл!», – дейді (Бухари, Муслим). Адал аспен сусындаған бала иманды, салиқалы болып өседі. Ислам діні ата-ана мен баланың қарым-қатынасын жақсы деңгейде болуын назарда ұстайды. Осы мақсатта ата-анаға артылатын міндеттер аса маңызды. Ол үшін баланың бүгіні ғана емес ертеңгі өміріне де дайындық жасалуы талап етіледі. Яғни, Алланы танытып, иманды, салиқалы ұрпақ тәрбиелеу. Тілі шыққан баланың алғашқы сөзі Алла болса, оның жүрегі иманға толы болмақ. «Балаларыңа алғаш үйрететін сөздерің «Лә иләһә иллалаһ» болсын (ибн Әби Шәйбә). Жақсы мен жаманды, сауап пен күнә дегенді үйретіп, әрбір әрекетті ақылмен жасауға дағдыландыру қажет. Бала есін біліп, оң-солын таныған шақтан бастап, оған Құран жаттатып, намазға үйрету сүннет. Пайғамбарымыз (ﷺ) намаз оқу туралы: «Жеті жасына келгенде балаға намаз оқуды бұйырыңдар», - деген (Әбу Дәуд, Тирмизи). Ал, Құран жаттау туралы: «Кім Құранды жас кезінде үйренсе етіне және қанына сіңіреді, ал есейгенде үйренгені уысынан тез шығарып алады...» деген (инб Сахнун). Бала Құранды жаттаумен ғана емес, Алла және оның құдіреті, пайғамбарлар мен періштелер, осы дүние мен о дүние, мұғжизалар мен Алланың нығметтері туралы да мол ілім алу абзал. Сонда ғана оның бойында адалдық, мейірбандық, татулық сезімдері қалыптасады. Осындай тәрбие алған бала елдің іргесін нық ұстап тұратын болмақ.

Олай болса әрбір мұсылман бауырымызға білімді ұрпақ тәрбиелеңіздер дегім келеді. Иман нұрымен білім алған бала ешқашан ешкімнің құрсағына ілінбейді. Оның көкірек көзі ояу болады, әлемді таниды. Ссаяси, мәдени, экономикалық, заң және т.б. салаларды білім алған ұрпақ ешқашан ешкімге алданбақ емес!

 

Абдрахман Ысқақ Рахымбекұлы

Теміртау қалалық орталық мешітінің бас имамы

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    18 шілде 2018 жыл Хауа анамыз қалай жаратылған? (әлемдегі ең сұлу әйел)
    Ол ұйқыда жатқан кезде Алла тағала оның сол жақ қабырғасының бірін алып, сүйекті етпен қаптайды. Одан Хауа анамызды жаратады. Құранда былайша көрініс табады: «Ей, адамдар! Сендерді бір кісіден(Адам атадан) жаратқан және одан жұбайын(Хауа ананы) жаратып, ол екеуінен көптеген ер, әйелдер таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар»/1/,- деген.
    18 шілде 2018 жыл Шайтанның айласы
    17 шілде 2018 жыл «Әәмиин» сөзінің мағынасы қандай?
    Қазіргі кезде әлеуметтік желілерде пікір білдірушілердің «әәмиин» сөзін дұрыс қолданбай жатқан жайы жиі байқалады. Осы жағдай күнәлі іске айналып, наразылық тудырмас үшін (өйткені, көп жағдайда «әәмиин» сөзі орынсыз қолданылады), осы мақала жазылып отыр.Мұның мақсаты - осы сөздің мағынасы мен оны қолдануды қажет ететін жағдайларды түсіндіріп беру.
    © 2009-2018, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика