Қарағанды 18:41 Екінті
  • 03:19 Таң
  • 05:20 Күн
  • 13:19 Бесін
  • 18:41 Екінті
  • 21:07 Шам
  • 23:08 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • ҚазРус
  • Радио
  • Кіру

ЗӘМ-ЗӘМ СУЫ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛҒАН?

ЗӘМ-ЗӘМ СУЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ

«Пайғамбарлар тарихында» айтылғандай, пайғамбар Ибраһим ғәләйһис-сәләм Жаратушының қалауымен, - "Маған сендерді осы жерге қалдыруым бұйырылды" деп, екінші жұбайы Һажарды сәбиі Исмайлмен (ғ.с.) бірге елсіз-сусыз жатқан Хижаз өңіріне  алып келіп тастайды да, тұрған мекені Египетке қайтады. Һажар анамыз тәуекел еткен күйде, әмірге бой ұсынып: "Жаратушым бізге жеткілікті!"- деп қала берген. Жандарында бір шөлмек суы және бірнеше дана құрма ғана бар еді. Су таусылып, нәресте шөлеркеп жылай бастайды. Һажар анамыз ішуге жарайтын су табуға үміттеніп жанындағы Сафа төбешігіне шығады. Сағымға оранған аңызақ даладан белгі боларлық тіршілік нышаны байқалмайды. Енді едәуір қашықтықтағы, Мәруа төбешігіне жүгірді. Бірақ аптап ыстыққа шыжыған табан күйдірер ыстық тастақтан басқа, көзге ештеңе шалынбады, су сияқты көлкіп көрінген сағым екен. Жылаған бала даусы естілген сайын, шарасыз күйде екі төбешіктің бірінен екіншісіне жүгіре берді. Осылайша Сафа және Мәруа арасын жеті рет жүгіріп өткенде бала дауысының тынғанын байқады. Енді үрейленіп Исмайлға (ғ.с.) жүгірді. Келсе бала дін аман, өкше тұсынан сыздықтап бұлақ көзінің ашылғанын көріп, «зәм-зәм (тоқта-тоқта)» деп, ағып бара жатқан судың алдын топырақпен бөгеп, суды жинауға кірісті... Өзіне тәуекел еткен, Өзіне сенген құлдарына Раббысы осылайша қамақоршы болды.

Тіршілік нәрі пайда болған бұл өңірге, кейін Жұрһұм тайпасы орналасып, елді мекенге айналып, Мекке қаласының алғашқы ірге тасы қаланды. Ибраһим ғәләйһис-сәләм ретіне қарай арнайы келіп, кейін пайғамбарлық міндеті жүктелген, ұлы Исмайл ғәләйһис-сәләмның жағдайын біліп тұрды. Бір келгенінде екеулеп Қағбаны соқты. Қағба, Жаратушы Ие қалауымен, алғашқы адам, әрі алғашқы пайғамбар Адам ғәләйһис-сәләмның періштелер көмегімен қабырғасын қалаған, бірақ кейін түрлі табиғи әсерлер нәтижесінде жойылған, Жер бетіндегі ең алғашқы ғибадатхананың орнына тұрғызылды. Бүгінгі Мекке қаласындағы миллиондаған мұсылмандар құбыласына айналған Қағба осылайша бой көтеріп, ғибадат етушілердің игілікті нысанына айналды.

Қағбаның құрылысы біткеннен кейін, алғашқы қажылық тауабын жасаушылар Ибраһим ғәләйһис-сәләм мен Исмайл ғәләйһис-сәләм болды. Олардың
үндеуімен Жұрһұм тайпасы да қажылық парызын өтеді. Раббының қолдауымен үндеу шартарапқа тарап, қажылық ғибадатын өтеушілер ағылып келе бастады. Бұл бірегей құлшылық бүгін де жалғасын табуда және Заманның ақырына дейін жалғаса бермек.

Көпшілігі мұсылман дінін ұстанған Егемен еліміздің иманды азаматтары да жылда пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Жаратушының сәлемі мен
игілігі болсын) кіндік қаны тамған осы ерекше өңірдің топырағын басып, құлшылығын жасап, қасиетті судан қалағанынша ішіп, айрықша әсермен оралуда.
Әрине олар, қашаннан қалыптасқан сый әкелу үрдісін жалғастырып, баршаның қолы жете бермейтін қасиетті Меккенің Зәм-зәм суынан, қасиетті Мәдиненің құрмасынан дәм татырып, отандастарының қуанышына бөленуде.

Меккедегі қасиетті құдық -Зәм-зәм, Қағбадан оңтүстік-шығысқа қарай 20 м. жерде, Бани Шайба қақпасы тұсында, қасиетті Қара тасқа (Хажар ул-Асуад) қарама-қарсы орналасқан. Үсті күмбезбен көмкерілген.  Сауд (Саудавия) Арабиясының химия маманы Муинәд-Дин, ауылшаруашылық және суландыру Минстрлігінде қызмет атқарып жүрген кезінде, Зәм-зәм суының химиялық құрамын тексеруге каролден арнайы рұқсат алады. Оның айтуынша, сарқылмайтын не суы орта түспейтін құдықтың  ені 4,2 м.  ұзындығы 5,4 м. ал тереңдігі бар болғаны Муин әд-Диннің қолтығынан ғана келген.

Құдық суы насостармен сорылып алынып, арнаулы орында түрлі көлемдегі ыдыстарға құйылады. Миллиондаған ғибадат етушілер қалағанынша ішіп, өздерімен бірге алып кетіп жатады. Бір ғажабы, Зәм-зәм құдық суының деңгейі бір қалыптан не ауытқып не азаймайды. Бүгінгі заман техникасы Жер қойнауындағы су қоймасын, мұнай мөлшерін, табиғи газ ауқымын, түрлі қазба байлықтардың орналасу жағдайын оңай анықтап береді. Бірақ Зәм-зәм құдық суының
шын мөлшерін, қайдан шығып жатқанын ешбір аспап көрсетіп бере алмайды екен. Зәм-зәм құдығы - Жаратушы  Иенің пенделеріне сый еткен мұғжизасының (Оған
ғана тән болған кереметтерінің) бірі болып қала бермек.


 

ЗӘМ-ЗӘМ СУЫНЫҢ
ҚАСИЕТТЕРІ

Кезінде Пайғамбарымыз (оған Жаратушының сәлемі мен игілігі болсын): «Жер бетіндегі сулардың ең жақсысы - Зәм-зәм суы», - дейтін. Сенімді сахабасының бірі ибн Аббастан (оған Жаратушы разыболсын) жеткен хадисте, Пайғамбарымыз (оған Жаратушының сәлемі мен игілігі болсын): «Зәм-зәм суын - бір мақсатқа арнап іш. Егер сен кеселден айығу үшінішсең - онда Жаратушы сені айықтырады. Егер сен тойыну үшін ішсең - ондаЖаратушы сені тойындырады. Егер сен шөліңді басу үшін ішсең - онда Жаратушысенің шөліңді басады. Бұл - Жәбрейлдің (өкешесінің) тепкісінен шыққан, Жаратушының Исмайлға жіберген сусыны», - деп, айрықша судың қасиетін баян еткен.

Ислам дініне қызмет еткен көптеген ғалымдар, Зәм-зәм суынішкен кездегі тілектері қабыл болып, өзінен кейінгі ұрпаққа өшпес мұрақалдырды. Ислам шариғатының ең жетік ғұламасы Әбу Ханифа (оған Жаратушымейрімін төксін), ислам фиқһ (құқықтық) ғылымын игеріп, шыңына көтерілуіне Зәм-зәм суын ішкен кездегі дұға-тілектерінің қабыл болғандығынан деп айтатын. Имам Шафиғи Зәм-зәм суын ішкен кездегі тілектерінде қол мергендігінің артуын да сұрайтын. Сондықтан болар садақ тартқанда он жебесінің тоғызы нысанаға дәл тиетін. Имам ибн әл-Мубарак қасиетті суды ішкенде: «Қиямет күнінің шөлінен сақта»,- деп ішетін. Әл-Халил ибн Ахмад бұрын ешкім қолға алмаған ғылымның иесі болуды сұрады. Кейін ол өлең ұйқастарындағы ерекшеліктерін (просодия) талдайтын ғылымның  негізін салды. Әл-Хафиз ибн Һажар қасиетті суды ішерде Пайғамбарымыздың (оған Жаратушының сәлемі мен игілігі болсын) хадистерін жаттау қабылеті артып, ақыл-парасатының молайуын сұрайтын. Оның кейін тілегіне жеткені байқалатын.

Бұл қасиетті судың адамға тигізетін рухани ықпалдары ғана емес, сондай-ақ дене ағзаларына тигізіп келген шипалық әсерлерінің сырын білсек
деген ой, төрткүл дүние ғылым иелерін ежелден-ақ қызықтырып келеді.


 

Бұл орайда 2004 жылы, кысқаша WHO (ӘДҰ) (www.who.int/ru)   деп аталатын әлемдік денсаулық сақтау ұйымының өзі, медициналық, биохимиялық түрлі
зерттеулер жүргізіп, зәм-зәм - әлемдегі ең таза және денсаулыққа өте пайдалы, жер бетіндегі минералды емдік сулардың ішінде қасиеті айрықша шипалы ауызсу  екенін тұжырымды түрде растап, анықтама берген.

 Жапон елінің белгілі ғалымы Масару Эмото (www.masaru-emoto.net) нанотехналогия жетістіктерін қолданып жүргізген зертеулерінің нәтижесінде, Зәм-зәм суының қасиеті басқа  сулардың ешбірінде жоқ деген қортындыға келген. 

АҚШ-та жасалған зерттеулерде, зәм-зәм суы ішінде микроорганизм және бактерия өсіп-өнбейтін бірегей сұйық деп табылып, оның әр түрлі жұқпалы аурулар қоздырғыштарын жоя алатын ерекшелігін мойындады.

Зәм-зәм суының құрамында, басқа суларға қарағанда күкірт өте  аз мөлшерде, ал адамға пайдалы минаралды заттар көп екен. Бұл болса, Зәм-зәм
суын беттеріне, дене мүшелеріне сепкен адамдардың неліктен рахаттану сезіміне бөленгенін айқындай түседі.

Өйткені Пайғамбарымыз (оған Жаратушының сәлемі мен игілігі болсын):  «Ақиқатында, ол - қасиетті, ішсең тамақ әрі әрқандай аурудың шипасы», - деп айтатын.  Және бір хадисте: «Зәм-зәм барлық ауруға ем және әрқандай үрей мен қайғының қорғаны» - деген. Айшаның (оған Жаратушы разы
болсын) сөзімен Әл-Бухари жеткізген хадисте: «Расулуллаһ Зәм-зәм суын меспен немесе торсықпен алып жүретін, сырқат адамдар кездессе сумен бүркіп, ішкізіп
емдейтін», -деп айтылған.

Зәм-зәм суымен емделіп, шипа тапқандар бүгінде жетерлік. Ол кеселдердің қатарында көз аурулары, бүйрек-несеп, ішек-ас қорыту және тыныс
алу жолдары, буын аурулары, жүрек -қантамырларындағы кеселдер, жүйке аурулары, еске сақтау қабылетінің артуы, рак кеселі, эпилепсия т.т. бар. Бүгінгі медицина
шипалы суларды кеңінен пайдаланады. Сондықтан Зәм-зәм суын қолданғанда да дәрігер маманның ақыл-кеңесін алып, ағзадағы өзгерістерді бақылап отырған абзал.

Әрине, шипа Жаратушы Иеден.  Зәм-зәм суы сол шипаның жетуіне себеп болатын көп мұғжизаның бірі, яғни үлкен ғибадат. Олай болса, Зәм-зәм суын ішудің де өз
тәртіптері мен әдептері бар:

1.    
Жаратушы Ие атынан, Оған тәуекел етіп  тілек тілеу.

2.    
Құбылаға қарап үш бөліп ішу.

3.    
Тілегінің қабыл болатынына сенімді болу.

Исламның ең киелі орындары Мекке мен Мәдинаға барып қажылығын өтеп келгендер жора-жолдас, туған-туыстарына әкелетін ең үлкен сый таралғысы Зәм-зәм суы болмақ. Олар қажылықтарын құттықтап мүбәррак айтушыларға, өздері ала келген Зәм-зәм суы мен құрмасынан ауыз тигізеді. Зәм-зәм суы кішкентай ыдыстарда үш-ақ ұртамнан беріледі. Себебі құттықтап келушілердің барлығына жетерліктей Зәм-зәм суды жолаушылар ұшағымен тасып әкелу мүмкін емес. Алайда бұл қажеттілікті қанағаттандыру жолдары да  іздестіріліп, шешуі де табыла бастады.
 

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    18 шілде 2018 жыл Хауа анамыз қалай жаратылған? (әлемдегі ең сұлу әйел)
    Ол ұйқыда жатқан кезде Алла тағала оның сол жақ қабырғасының бірін алып, сүйекті етпен қаптайды. Одан Хауа анамызды жаратады. Құранда былайша көрініс табады: «Ей, адамдар! Сендерді бір кісіден(Адам атадан) жаратқан және одан жұбайын(Хауа ананы) жаратып, ол екеуінен көптеген ер, әйелдер таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар»/1/,- деген.
    18 шілде 2018 жыл Шайтанның айласы
    © 2009-2018, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика