Тілдік нұсқа
Радио

мақала

«Әәмиин» сөзінің мағынасы қандай?
17 шілде, 2018 жыл 5965 Басып шығару нұсқасы
Қазіргі кезде әлеуметтік желілерде пікір білдірушілердің «әәмиин» сөзін дұрыс қолданбай жатқан жайы жиі байқалады. Осы жағдай күнәлі іске айналып, наразылық тудырмас үшін (өйткені, көп жағдайда «әәмиин» сөзі орынсыз қолданылады), осы мақала жазылып отыр.Мұның мақсаты - осы сөздің мағынасы мен оны қолдануды қажет ететін жағдайларды түсіндіріп беру.

Сонымен, «Әәмиин» сөзінің мағынасы қандай?


«Әәмин» сөзі өтінішті білдіреді, мәселен: «Я, Алла, жауап бере гөр» (немесе «Я, Алла, осы дұғаны қабыл ала гөр»). Бұл - «жауап беру» деген мағынаны білдіретін «истаджиб» деген етістіктің зат есім түрі.


Оны қай кезде қолдану керек ?


Сөздің мағынасына сәйкес, оны Алла Тағалаға дұға еткеннен кейін айтқан дұрыс.


Жаратқан Алла Тағалаға дұға қылғаннан кейін «әәмиин» сөзін айту әдепке жатады. Ол сіздің Раббыңыздан шын жүректен қорқып, Оның Рақымы мен Мейірімінен үміт ететініңізді, Раббыңыздан міндетті түрде қандай да бір сауап аламын деп емес, Жаратқан Ием дұғама жауап береді деген үмітпен Оның алдында мойынсұнып, қорқатыныңызды көрсетеді.


«Әәмиин» сөзі бұл мағынасында құлдың Раббысына, Құдіреті күшті Алла Тағалаға ерекше мойынсұнуының, шын жүректен бағынуының, Оның алдында дәрменсіздігінің, қорқынышының және үмітінің белгісі болып табылады.


«Фатиха» сүресінің өзі дұға болып есептеледі, намазда оны оқығаннан кейін «әәмиин» деп айту керектігі (белгілі бір мәзһабтың пікіріне сәйкес - іштей немесе жария айту) бізге Сүннеттен сенімді тізбекпен жеткен.


Имам Бұхари (Алла оны рахымына бөлесін), Ибн Щихаба әз-Зухриден жеткізген: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), намазда« Фатиха »сүресін оқығаннан кейін« әәмиин »дейтін».


Әбу Хурайра (Алла оған разы болсын), Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), былай дегенін риуаят еткен: «... Имам« Ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес »(« Фатиха »сүресінің соңғы аяты) деген кезде« әәмиин »деулерің керек. Кімде-кімнің «әәмиин» деуі періштелердің «әәмиин» деуімен сәйкес келсе, ол адамның бұрынғы жасаған күнәлары кешіріледі ». (Бұхари)


Әли (оған Алла разы болсын), былай деген: «Әәмиин - бұл әлемдердің Раббысының мөрі, Ол онымен құлының дұғасына мөр қойды». (Әт-Табарани)


«Әәмиин» сөзін қай кезде айту дұрыс емес және ондай жағдайда қандай ислами сөздерді айтқан абзал?


Жоғарыда баяндалғандай, «әәмиин» сөзін Аллаға жасалған дұғадан, тілектен, өтініштен кейін айтқан жөн. Басқа жағдайларда мәтіннің мағынасына сәйкес қолданылатын сөздер бар. Мәселен:


- Кімде-кім Алланың Құдіретіне куәлік еткісі келсе, «Аллаху Акбар!» (Алла Ұлық) деуі керек. Сондай-ақ, бұл сөзді қиындықтарға кезіккенде көңіл жұбату үшін немесе дұшпанның қастандығына қарсы пайдалануға болады.


- Адамның еңсесін түсіретін қиыншылыққа, мүшкіл халге түскенде немесе қорқынышты жағдайға тап болғанда «ХасбунаЛлаху уа ниъмаль уакиль»(Алла бізге Жеткілікті, Ол - қандай жақсы Қорғаушы) деуге болады.


- Өзімізді дәрменсіз сезіндіретін жағдайға тап болғанда, «УаЛлахуль Муустаъан» (Біз Алланың ғана көмегіне мұқтажбыз) деуімізге болады.


- Таңқаларлық, әдеттен тыс, ерекше бірдеңе көргенде немесе естігенде  «СубханаЛлах» (Алла кемшіліктен атаулыдан Пәк / Барлық Даңқтың Иесі Алла) деңіз.


- Алланың берген нығметтерін еске алып, «АльхамдулиЛлях» (Барлық мақтау-мадақ Аллаға лайық) деңіз, тіпті басыңызға сынақ түскен жағдайда да.


- Біреудің қазасын көргенде «Инна лиЛляхи уа инна иЛяйхи раджиъун» (Шын мәнінде, біз Аллаға тиесіліміз және оған қайтып барамыз) деңіз.


«Уа ма тауфики илля биЛлях» (Табысты болуым, Аллаға ғана байланысты) табысқа қол жеткізу үшін, Алла Тағаладан береке сұрап, қандай да бір істі жүзеге асыруда жәрдем тілеу үшін оқылады.


- Адамның ризалығын тудыратын бірдеңеге сүйсінгенде немесе әлденеге қатысты Аллаға мадақ айту үшін «Ма ша Аллах» (Алла солай болғанын қалады) сөзін пайдаланыңыз. Сондай-ақ, бұл сөз «Алла не қаласа, сол болатыны сөзсіз» деген сияқты шартты мағынада да қолданылады. Бұл әдетте болған жайтқа қатысты айтылады.


«Ин ша Аллах»«Алла қаласа» дегенді білдіреді. Әлдекім бір іске бел буғанда немесе біреуге уәде еткенде, яки үмітін білдіруге айтылады. Бұл әлі болмаған, болашақта орын алатын жайтқа қатысты қолданылады.  

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары