Қарағанды 18:10 Екінті
  • 04:24 Таң
  • 06:01 Күн
  • 13:16 Бесін
  • 18:10 Екінті
  • 20:20 Шам
  • 21:56 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • ҚазРус
  • Радио
  • Кіру

Ай тұтылғанда не істеген абзал?

Айдың тұтылуы яғни Күн мен Айдың арасына Жер шарының дөп келуін дінімізде хусуф деп атайды, ал, Күннің тұтылуы кусуф деп аталады. Күн мен Айдың тұтылуы кезінде Алланың адам баласына нәсіп еткен жарығы сөнеді. Жер бетін уақытша қараңғылық басады.

Ай немесе Күннің тұтылуы қиямет күні белгілерінің бірі болып саналады.  Қасиетті Құран Кәрімде бұл жайында: «Сөйтіп ол (ақырет сенімін мазаққа айналдырып): Әлгі қиямет күні қашан? – деп сұрайды. Қатты үрейден көздер қарығып, қарауытқан, Ай тұтылған, және Күн мен Ай бір-бірімен тоғыстырылған кезде. Міне, сол күні адам баласы: «Қашатын жер бар ма?!» - дейді. Жо-жоқ, (ол күні) бас сауғалап, паналайтын жер жоқ! Ол күні бәрінің барар жері Раббыңның құзыры болмақ. Ол күні адам баласына (дүниеде өз қолымен істеп, ақыретке) жолдаған жақсы-жаман істері түгелдей білдіріледі».[1]

Табиғаттағы мұндай құбылыстар Алла Тағаланың құдіреті мен ұлылығының нышаны. Құран Кәрімде «Негізінде, мұғжизаларымызды үрейлендіру үшін ғана жібереміз»[2]деген аят бар. Демек, үрейлі тосын оқиғалар адамдарды Алланың құдіреті мен ұлылығын мойындап, әлемнің кемел жаратылғандығын ойлап, тәубеге, құлшылыққа итермелейді.

Алла Елшісі (с.ғ.с.) Күн мен Айдың тұтылған сәтінде арнайы құлшылық жасап, дұға еткен және басқаларға да намаз оқуды бұйырған. Ай тұтылған уақытта үйіңізде екі немесе төрт рәкат намазды жеке-жеке іштей оқу құпталған, жақсы іс болып саналады.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) баласы Ибраһим бір жарым жасында шетінеп кеткенде Күн тұтылған. Сол кезде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ай мен Күн Алланың бар екеніне әрі құдіреті шексіз екендігіне анық дәлел. Бұлар ешкімнің қайтыс болуына немесе өмірге келуіне байланысты тұтылмайды. Ай немесе Күннің тұтылғанын көрсеңдер, көзі ашылғанға дейін намаз оқыңдар, дұға етіңдер»[3], - дейді. Тағы басқа бір хадисте Алла Елшісі (с.ғ.с.) бұл екі жағдайда садақа беріп, құл азат етуді бұйырған[4].

Ғалымдардың зерттеуінше Шілденің 27-жұлдызында Жердің көлеңкесі Айды 4 сағаттан аса уақытқа толығымен жабады. Астрономдардың айтуынша бұл ХХІ ғасырдағы ең ұзақ Ай тұтылуы болмақ.

[1] «Қиямет» сүресі, 6-13 аяттар

[2] «Ниса» сүресі, 59-аят

[3] Бұхари, Кусуф 1/15

[4] Бұхари, Кусуф 1,2,6,9,15,17

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    17 тамыз 2018 жыл АРАПА ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
    13 тамыз 2018 жыл Жанұя жарасымы
    © 2009-2018, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика