Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Алла сүймейтін іс
06 тамыз, 2018 жыл 681 Басып шығару нұсқасы

Ысырапшылдық – Алла тағала сүймейтін іс. Өйткені, ысырапшылдық тірнектеп тапқан дүниені аяусыз шашып, бардың бағасын білдірмейтін мінез кеселі. Алла тағала құлдарын мейірім, рақымымен сан-алуан нығыметке бөлеген. Ішіп-жеу, киім-кешек, дүние-мүлік тәріздес нығыметтердің барлығы Алла тағаланың құлына берген нығметі. Ал адамзатқа жүктелген міндет – сол берілген сансыз нығыметтерді жөнімен қолданып, астамшылдық көрсетпей, ысырапшылдыққа жол бермеу. Себебі берілген дүние-мүлік – фәни дүниедегі тіршліктің сәні.

Құран: «...Ішіңдер, жеңдер бірақ ысырап қылмаңдар, шындығында Алла тағала ысырап кұлыушыларды сұймейді» [ Ағрап, 31 аят ] – деп, берілген нығыметті қалауымызша тұтынуымызды, ысырап жасамауымызды ескертсе, пайғамбарымыз  (с.ғ.с) өз хадистерінде:  «Жеңдер, ішіңдер, сабақа беріңдер және киіңдер, бірақ ысырапшылдық пен дандайсуға жол бермеңдер (Нисаи, зекет, 66,79 ), – дейді.

Демек, Алланың берген нығыметінен ішіңдер, жеңдер сонымен бірге, дәулет артып жатса жағдайы жоқ кедей-кепшікке, жетім-жесірге, медресе, мешіт, балабақша, аурханаға сияқты орындарға жұмсау – зор сауапты іс. Ал, енді ысырап сөзі қандай мағына береді, жалпы ислам тұрғысынан ысырапты қалай түсінуміз керек ?

«Ысырап» сөзінің тілдік мағынасы, дүние-мүлкіңді, керек-жарағыңды орынсыз шашу, артық шығынға жол беру, мөлшерден артық ішіп-жеу, уақытында дұрыс қолданбау. Алла тағаланы сыйлаған нығыметін өз орнымен қолданбау дегенді білдіреді. Ысырапшыл адам нығыметке қанағатсыздық танытып тек ішіп, жей берсем, үсті-үсті бола берсе деген тойымсыз пікірде болады. Адам ысырапшыл бармау үшін үнемшіл болу қажет.

Үнемшілдік – шектен тыс кетпеу, керегін аз немесе көп жұмсаудан сақтану, йағыни орта деңгейді ұстану. Үнемшілдік – шүкіршіктің белгісі. Үнемшіл адам Алланың берген нығыметтерінің қадірін біледі және оған құрметпен қарап, онда Алланың мейірімі барын сезеді, оны босқа жұмсаудан тартынады. Жаратушының бергеніне қанағат қылып, тиімді жұмсау біреудің қолына телмірмеуден құтқарады, ар-намысты сақтайды.

Ысырап етуші адам шайтанның достары болып табылады. Құранда: «Ысырап етпе, сөзсіз ысырап етушілер шайтанға бауыр болмақ. Ал, шайтан болса, раббысына тым күпірлік етуші»( Исра, 27) – деп, ысырап етудің күнә екендігін, тіпті кісіні шайтанға бауыр ететін жаратушымызға жағымсыз іс екендігін білдірді. Аятта дүниені оңды-солды шашуға болмайтынын ескертеді. Оңды-солды шашудағы мақсат, дүниені аз немесе көп жұмсауда емес оны қалай пайдалануы маңызды. Ислам ғалымдарының көзқарасы бойынша Алла тағала разылығы үшін жұмсалған дәулет ысырапқа жатпайды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары