Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Адамның өмірін жақсартуға жеткілікті болған 4 хадис
06 тамыз, 2018 жыл 807 Басып шығару нұсқасы

Атақты хадис білгірі Әбу Дәуд (р.а) былай дейді: 

«Мен Алла Елшісінен (ﷺ) бес жүз мың хадис жазып алдым. Өз кітабыма соның ішінен тек 4800-ін ғана енгіздім. Алайда, адамның дінінің көркем, өмірінің шырайлы болуы үшін осы  4 хадиске амал етуі жеткілікті. Олар:  

 1.      «Амалдар ниетке байланысты...» 

Шын мәнінде, бұл хадис Исламның іргетасы саналатын зор мәні бар хадистердің қатарына жатады. Себебі, кез келген құлшылықтың, амалдың қабыл болуының негізгі шарты – ниеттің дұрыс болуында. Егер біреу ізгі іс істемек болып ниеттенгенімен, оны ауру, өлім, т.с.с. кедергілердің кесірінен жасай алмай қалса, ол адамға бәрібір жасағанындай сауап жазылады. Әл-Байдауи: 

«Іс-амал ниетсіз дұрыс болмайды, өйткені амалға аспаған ниетке сауап жазылады, ал ниетсіз істелген іс босқа кетеді», - деген.  

 2.      «Өзіне қатысы жоқ нәрсені тастау адамның дінінің кемелдігін көрсетеді» (Тирмизи) 

Хасан Басри: «Адамды өзіне қатысы жоқ нәрсемен алдандырып қою – Алла Тағаланың оны тастап қойғандығының белгісі», - деген. Шынында да, өзіңе қатысы жоқ дүниенің қайтарымы мен қайыры болмайды. Бұл хадистің мағынасы, Абай айтқандай, «Сыпайы жүр де, шаруа ойла, даңғойланып қақтықпа» - дегенге саяды.   

3.      «Сендерден ешқайсың өзіне қалағанды бауырына да қаламайынша (толық) иман келтірмейді» (Бұхари, Муслим) 

Адамның өзгелерге мейіріммен қарап, өзіне қалағанды бауырына да қалауы – оның тақуалығының көрсеткіші. Себебі, ғалымдар Құдайдан қорқу мен мұсылмандарға деген жек көрушіліктің бір жүректе болмайтынын айтқан.   

4.      Расында, рұқсат етілген нәрселер - анық және тыйым салынған нәрселер - анық, ал осы екеуінің арасында көп адамдар біле бермейтін күмәнді нәрселер бар. Күмәнді нәрселерден сақтанғандар,  діні үшін және абыройы үшін одан өзін тазартады... Расында, адамның денесінде жұдырықтай ет бар, егер ол жақсы болса, онда оның бүкіл денесі жақсы болғаны, ал егер ол жарамсыз күйге келсе, онда ол бүкіл денені бүлдіреді, расында, ол (ет) – жүрек. (Бұхари, Муслим) 

Саған күмән келтіретінді таста да, күмәнсіз нәрселерге ұмтыл, расында шындық ол - тыныштық та, ал өтірік - ол күмән. (Тирмизи)   

Бұл дегеніміз - рұқсат етілген нәрселерден саған күмән келтіретінінен басыңды тарт та, көңіліңе күмән туғызбайтынына ұмтыл деген сөз.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары