Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ықылас сүресінің түсу себебі мен ерекшелігі
22 желтоқсан, 2014 жыл 124 Басып шығару нұсқасы
[vc_row][vc_column][vc_separator color="grey"][vc_column_text]c_X1nVWzs84

Сендердің жақсыларың Менің (с.ғ.с.) алдымда, Маған (с.ғ.с.) көп салауат айтқандарың.

Ықылас сүресінің түсуіне себеп Убай ибн Кағб, Жәбир ибн Абдулла, Абу Ғалия, Шағбий және Акромадан (р.а.) жеткен хабарда Мекке қаласының кәпірлері Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келіп, ей, Мухаммед! (с.ғ.с.) бізге Раббыңды сипаттап берші, ол алтыннан немесе күмістен бе? әлде темірден немесе мыстан шығар, шындығында біздің құдайларымыз осылардан жасалған дейді. Осы кезде Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) осы ықылас сүресі нәзіл болады. Ей, Мухаммед (с.ғ.с.) айт, ол Алла жалғыз, Алла мұңсыз. Абдулла ибн Аббас мұңсыз деген еш нәрсеге мұқтаж емес дегенді білдіреді деген, себебі бір нәрсеге мұқтаж болса, ол жаратушы бола алмайды. Барлық жаратылыс Аллаға мұқтаж деген. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Айша (р.а.) анамызға 4 амалды істемей ұйықтама дейді. Біріншісі Құран Кәрімді хатым қылмайынша, екіншісі барлық пайғамбарларды өзіне шапағатшы қылып алмағанша, үшіншісі барлық мұсылмандар сенен риза болмайынша, төртіншісі қажылықпен ғұмыра өтемейінше деп Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) намаз оқиды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)  намазын оқып болғаннан кейін, мұның бәрін бір мезетте қалай өтеймін дейді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жымиып ей, Айша (р.ғ.) ықылас сүресін оқысаң, Құранды хатым еткендей боласың, Маған (с.ғ.с.) және де Менің (с.ғ.с.) алдымда өткен Пайғамбарларға салауат айтсаң, Біз (с.ғ.с.) саған қиямет күнінде шапағатшы боламыз дейді. Бүкіл мұсылмандардың күнәләрына жарылқау тілесең олар сенен разы болады. Егерде сен субханаллоһи, уәлхамду лилләһи, уә лә иләһә иллаллоһу уаллоһу әкбәр десең қажылықпен ғұмраның сауабын аласың дейді.

Құрметті мұсылман қауым! Ықылас сүресі тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні екенін көріп отырмыз. Кешегі кеңес заманының өзінде ықылас сүресін яғни, құл һуалланы білмейтін қазақ болған жоқ. Сол кешегі бабаларымыз осы ықылас сүресінің қадыр-қасиетін білгендіктен келешек ұрпаққа үйреткен болу керек. Алла Тағала істеген әрбір ізгі амалдарымызды қабыл қылып, қадамдарымызды сауаптан қылсын.

Арапшадан аударғандар: Қарағанды облыстық орталық мешітінің найб имамдары Бекболат ЗҮЛЖАЛЛАДИНҰЛЫ. Дархан АСЫЛТАЙҰЛЫ

[/vc_column_text][/vc_column][/vc_row]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары