Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Шүкіршілік
04 ақпан, 2015 жыл 102 Басып шығару нұсқасы

images (5)Алла Тағала бір пендесін сынау үшін көзін көр етіп жаратады. Оған қоса дәл сол пенденің екі қолы мен екі аяғы болмайды.
Бірде оның үйіне кірген біреу сол көзі көр, қол-аяғы жоқ пенденің: «Менi басқалардың басыңа түскен қасiреттен сақтаған әрі басқа жаратқандарынан абзал еткен Алла Тағалаға мақтау болсын»-деп айтқанын естіп қалады.
Әлгі келген адам аң-таң: «Мынау көзі көр, аяқ-қалы жоқ адам тағдырынан қалайша разы болуы мүмкін?»
Содан соң ол көзі көр адамнан: «Сен Алла Тағалаға не үшін шүкіршілік етіп отырсың?»-деп сұрағанда, әлгі адам: «Хақ Тағала маған Оған мақтау айтатын тіл, Оны зікір ететін жүрек, қиыншылыққа сабыр ететін дене берді. Мен Алла  Тағала сол үшін шүкіршілік етемін»-деген екен.


     Сайтқа дайындаған :М.Шағырбаева

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары