Қарағанды 12:57 Бесін
  • 06:48 Таң
  • 08:17 Күн
  • 12:57 Бесін
  • 15:41 Екінті
  • 17:27 Шам
  • 18:56 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • ҚазРус
  • Радио
  • Кіру

ШАЙТАН АЗҒЫРУДАН ҚҰТЫЛУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

Ұры қазынасы жоқ қаңырап, бос тұрған үйге кірмейтіні секілді шайтан да иманы жоқ жанға жақындамайды. Шайтан да ұры секілді. Ол мүминнің, мұсылманның иманын ұрлайды. Сол себепті мұсылманның маңын торуылдайды, мұсылманның тамырында қандай ағады. Уәсуәсәсін, азғыруын мұсылманға жасайды. Сондықтан, мұсылман барынша сақ, неғұрлым қырағы болуы тиіс. Иманын үнемі қарауда, бақылауда ұстауы қажет. 

Әли ибн Әбу Талиб: «Біз бен кітап иелерінің намазы арасындағы айырмашылық шайтанның уәсуәсәсі. Ібіліс өзіне бойұсынғандары үшін олармен айналысуды қойған. Мүминдер болса, үнемі шайтанға қарсылық танытып, онымен соғысуда. Ал күрес тек қарсы келгендермен болмақ», – дейді. Сол үшін шайтан үнемі өзіне қарсылық танытқан мүминдермен күресіп әлек болады. Демек, біздер үнемі соғыс майданында жүргенімізді ойымыздан, санамыздан шығармауға тиіспіз. Иманымызды қорғау мәселесінде салғырттыққа жол бермеуіміз керек. Сол кезде Алланың жәрдемі мен жеңісіне ие боламыз.

Шайтанның азғыруынан қалай құтыламыз?

Шайтанның азғыруынан құтылу үшін оның Жаратушысына сиынамыз. Яғни, Алла Тағалаға.

Хорасандық бір адам Ирақ тарапына ілім алуға барған екен. Сол жерде бір ғалымнан дәріс алып, төрт мың хикметті сөз үйренеді. Содан кейін еліне қайтпақ боп, ұстазынан рұқсат сұрау үшін алдына барады. Ұзтазы:

– Саған бір сөз үйретейін, үйреткен сөзім барлық нәрседен жақсы, – дейді де, – Ібіліс саған уәсуәсә бере ме? – деп сұрайды. Шәркірті:

– Иә, – деп жауап береді.

– Сол кезде сен не істейсің?

– Ол уәсуәсәсін жоямын.

– Қайта кеп азғырса ше? – дейді ұстазы.

– Тағы да жоюға тырысамын, – дейді шәкірті. Сонда ұстазы тұрып:

– Алланың дұшпаны шайтан саған зардабын тигізіп, сені ғибадаттан тосуға тырысса, сен уәсуәсәні жоюмен айналыспа. Қойшының қасындағы иттің жанынан өткен жолаушы иттің қауып алуынан иесіне тығылғаны секілді сен де шайтанның азғыруынан Алланы панала, Аллаға сиын. Ақиқатында шайтан да бір ит. Алла Тағала оның айласынан, жамандығынан баршамызды қорғасын, – дейді.

Расымен де, шайтанның азғыруын қайтарамыз, жоямыз деп жүріп, кейде ғибадаттан, зікірден, ілімнен қалай қағылып қалғанымызды байқамай қаламыз. Сондықтан да шайтанның азғыруынан құтылудың жолы – иесіне сиыну ғана екен.

أَعُوذُ بالله مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّجِيمِ

Ә‘узу билләһи мин әш-шайтанир ражим!

Қуылған шайттанның азығыруынан Аллаға сиынамын!


 

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    15 қараша 2018 жыл Мәуліт мүбарак болсын!
    13 қараша 2018 жыл Ең керемет әке
    13 қараша 2018 жыл Құбыла бағыты
    06 қараша 2018 жыл Аллаға еркелесем...
    © 2009-2018, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика