Қарағанды 12:57 Бесін
  • 06:48 Таң
  • 08:17 Күн
  • 12:57 Бесін
  • 15:41 Екінті
  • 17:27 Шам
  • 18:56 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • ҚазРус
  • Радио
  • Кіру

Үйімдегі дәретхана құбылаға қарап тұрса күнә ма?

Жауап:

Қаладағы үйлердің əжетханаларында құбылаға қарамау мəселесі есепке алынбайтындығы мəлім. Егер сатып алған немесе жалға алған үйлердің дəретханаларында құбылаға қарамау мүмкін емес болса, күнəһар боламыз ба? Бұл мəселеге қатысты рұқсат етілген де, рұқсат етілмеген де хадистер бар. Бір хадисте «Түзге шыққандарыңда құбылаға түзу қарап та, теріс қарап та отырмаңдар. Оң немесе сол жақтарыңмен отырыңдар!» делінген (Бұхари. Сахих, 1/88). Тағы бір хадисте «Алланың елшісі (с.ғ.с.) бізге үлкен немесе кіші дəрет сындырғанда құбылаға қарап отыруға, оң қолмен тазалануға, үштен кем кесекті пайдалануға, сүйек жəне тезекпен тазалануға тыйым салған» (Муслим. Сахих, 1/223). Рұқсат еткен хадистер: Жəбир Ибн Абдулла былай деген: «Пайғамбарымыз дəрет сындыратын кезде құбылаға қарап отыруға тыйым салған еді. Алайда, қайтыс боларынан бір жыл бұрын құбылаға қарап дəрет сындырғанын көрдім» (Əбу Дəуіт, Тахара, 5; Ибн Мəжə, Тахара, 18) Əбу Қатада пайғамбарымыздың құбылаға қарап дəрет сындырғанын көргендігін айтқан (Тирмизи).

Тағы бір хадисте Ибн Омар «Бір күні Хафсаның үйінің төбесіне шыққан едім. Алла елшісінің жүзі Шам тарапына, арт жағы құбылаға қарап дəрет сындырғанын көрдім» деген (Бұхари, Удуғ, 14; Нəсəи, Тахара, 22). Мəруан былай дейді: «Ибн Омарды көрдім. Көлігін құбылаға қаратып қойып, өзі де құбылаға қарап кіші дəрет сындырды. Сол кезде «бұған тыйым салынған жоқ па еді?» деп сұраған кез- де ол «Иə, бірақ ашық далада тыйым салынды. Құбыла мен сенің араңда жа- сырынатын бір нəрсе (дуал, перде т.б.) болса, онда тұрған ештеңе жоқ» деді (Əбу Дəуіт, Тахара, 4).

Ханафи ғалымдары жоғарыда келген хадистерді қуаттырақ деп санағандықтан ашық жерде болсын, үйде болсын құбылаға қарап немесе теріс қарап отырып дəрет сындыруды мəкрух (тахриман) деп тапқан. Ал, ханафи ғалымдарынан басқа ғалымдардың көпшілігі жабық жерлерде құбылаға қарау мəкрух емес деген. Мəселеге бажайлап қарар болсақ, бұл екі пəтуаның да өзіндік себептері бар. Ханафи мəзһабының көзқарасы тақуалыққа жақынырақ. Бұл өз кезегінде құбыланы құрмет тұтуға бағытталған көзқарас. Негізінде, мұсылман қоғамы мешіт, үй құрылысында бұл мəселелерге əрдайым сақтық таныта келгендіктен қала құрылысын соған сай реттеген.

А л , қ а з і р г і ке з е ң д е г і қ а л а құрылыстарында бұған мəн берілмейді. Сондықтан да мұндай жағдайды зəрулік ретінде қабылдап, құбылаға қарап отыруға рұқсат деуге болады. Өйткені, шариғатта зəрулік жағдайында тыйым салынған нəрселерге рұқсат етіледі. Сонымен қатар, ислам жеңілдікті негіз етіп алғандықтан, жағдайды тым қиындатып жібермеген жөн. Өйткені, ол үйдің құрылысын өзгертуге барлық адамдардың шамасы келе бермейді. Сондықтан, сіз күнəһар саналмайсыз. Ал өзіңіз үй салатын болсаңыз жоғарыдағы бірінші көзқарасты негізге алып, тақуалыққа жақын көзқарасты ұстану абзал саналмақ

Алау ƏДІЛБАЕВ

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    15 қараша 2018 жыл Мәуліт мүбарак болсын!
    13 қараша 2018 жыл Ең керемет әке
    13 қараша 2018 жыл Құбыла бағыты
    06 қараша 2018 жыл Аллаға еркелесем...
    © 2009-2018, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика