Қарағанды 07:20 Таң
  • 07:20 Таң
  • 08:54 Күн
  • 13:08 Бесін
  • 15:26 Екінті
  • 17:12 Шам
  • 18:46 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • ҚазРус
  • Радио
  • Кіру

Неге үнемі жақсы адамның жолы болмайды?

Сұрақ: Пайғамбарлар күнә жасамаған, алайда олар тауқыметтен көз ашпай, сан қилы ауыртпалықтарға ұшырап отырған ғой. Басқаларға қарағанда ең жақсы әрі адал адамдардың жолы болмай жүреді. Мұның себебі неде? Осы әділетті ме?

 

Жауап:

Адамның діні мен адамгершілігіне қауіп төндіретін нәрсе - ең үлкен бақытсыздық болып табылады. Біз үнемі Аллаға сиынып, Одан көмек сұрауымыз керек.

Асылында, діни негіздегі бақытсыздық біз үшін зауалды емес. Оның бірі -  Алланың өсиет еткені, енді бірі – күнәлардың кешірілуі, ал енді бірі – жанның тазару тәсілі болып табылады (Бұхари, «Сенім» 39, Мүслим).

Төмендегі хадистерде былай келтірілген:

Әнәс ибн Малик (р.а.) Алла Елшісінің (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқанын жеткізген: «Алла Тағала жаратқан құлына хайыр тілейтін болса, Ол оны осы дүниеде-ақ жазалап алады да оның күнәлары талдың жапырақтарындай саудырап түсетін болады…». (әл-Бұхари, Мерда: 3, 13, 16; Мүслим)

«От алтын мен күмістен тотты қалай кетірсе, сол сияқты дерт те мұсылманды күнәсінен тазартады» (Ибн Маджа, «Медицина» 18).

«Ақиқатында, елшілер бәрінен де көп бақытсыздыққа ұшыраған. Негізінде, адамға сынақтар дінге қаншалықты берілгеніне сай беріледі. Егер ол дінге берілген адам болса, онда оған сынақ ретінде берілетін тауқымет те көбірек болады. Адамның басына тауқымет түсен сайын, ол күнәсінен арылатын болады» (Тирмизи, Зухд 57).

Ал келесі хадистер мен аяттарда адамдардың не үшін сынақтарға берілетін себептері толық баяндалады:

 

1. Бәрі өзіміздің кінәміз үшін немесе Алланың мейірімі бойынша болады.

«Бастарыңа келген бір ауыршылық, қолекі істегендеріңнің салдарынан болады. Және де Алла көбін кешіп жібереді» (42:30).

«Саған нендей бір жақсылық келсе, Алладан. Ал және бір жамандық келсе, өзіңнен. (Мұхаммед Ғ.С.) сені адамдарға елші етіп жібердік. Куәлікте Алла жетіп асады» (4:79).

«Расында бір қауым, өзін өзгертпейінше Алла, оны өзгертпейді» (13:11).

 

2. Күнәлардың жарылқануы үшін ауыртпашылықтар, түрлі аурулар мен бейнеттер жіберіледі.

«Кімде-кім бұл дүниеде басына түскен сынақтарға лайықты түрде төтеп берсе, ақиретте ол күнәларынан ада болады немесе оның кейбір күнәлары кешіріледі» (Ахмад).

«Барлық бейнет күнәнің кешірілуі үшін беріледі» (Әбу Нуайм).

«Мұсылманның басына түскен кез-келген тауқымет оның күнәсінің кешірілуі болып табылады» (Бұхари).

«Мүміннің күнәлары кешірілмейінше, ол бақытсыздықтарға ұшырайтын болады» (Хаким).

 

3. Жұмақтың ең жоғары дәрежесін нәсіп ету мақсатында иман келтіруші бақытсыздыққа ұшырап отыратын болады.

Бұл пайғамбарлардың көптеген ауыртпалықтарға ұшырауын сипаттайтын  себептерінің бірі.

«Ең ауыр тауқымет елшілердің, ата-аналардың еншісіне түседі» (Тирмизи).

«Иман келтірушіні жақсарту үшін ол ауыртпалықтарға ұшырап отырады» (Бұхари).

«Жақсылыққа қол жеткізу үшін тауқымет беріледі» (Әбу Нуайм).

«Жұмақ игіліктерінің қасында мүмін үшін бұл дүние бір қапас абақты» (Мүслим).

Демек, Алла Тағала жаратқан құлдарын өз қателіктерін түсініп, түзеліп, хақ жолға түсу үшін ғана сынап отырады. Алла Өзінің сүйген құлдарына да ауыртпашылықтар жіберіп отырады, осылайша, олардың күнәлардан арылуына,  жүректерінің тазаруына және тыныштық пен сабырға қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

Біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үнемі Алла Тағалаға жалбарынып, Одан көмек пен қолдау сұрап отырған. Әрбір мұсылман баласы адамзаттың асылы Мұхаммедтен (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнеге алып, сабырлық танытып отыруы тиіс.  

asyldin.kz

ASYLDIN.KZ
Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    14 желтоқсан 2018 жыл Нәпсіге ие болу
    07 желтоқсан 2018 жыл Мұндай малға ен салу харам
    03 желтоқсан 2018 жыл Шуба кию күнә ма?
    © 2009-2018, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика