Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Кедеймін деп жасыма
11 наурыз, 2015 жыл 147 Басып шығару нұсқасы
 zagovor-na-bogatstvoКүні бүгін ақшаның өмірі аздық ететіні, өмір сүрудің қиындығы, айлықтың шайлыққа жетпейтіндігі туралы көп естиміз. Бәріне ақша керек. Тойып тамақ ішу үшін, жақсы киініп, емін-еркін жүріп-тұру үшін, бала-шағаны қажеттімен қамтамасыз ету үшін, ең соңында тыныш ұйықтау үшін ақша керек.  Өмірге, тағдырға өкпе айту үйреншікті жағдай болып кетті. Құдды қиындықтың бәріне біз емес тағдыр мен қатал өмір кінәлі сияқты...

Мұндайда мұсылмандығымызды ұмытып, орын алып жатқан істің бәрінің бір Алланың қалауымен жүзеге асып жатқанын, әрбірден соң бес күндік жалғаннан түк алмай о дүниеге аттанатынымыз есімізден шығып-ақ кетеді. Құнсыз, мәнсіз, мағынасыз жалған дүниені мәңгілік көреміз. Алланың қалауымен әркімге ризық-несібе берілген. Өмірінің соңына дейін әркім өзіне Алла берген ризық-несібеден артық не кем дүние таба алмайды!

Қымбат автокөлік, құндыз тоныңыз болмағанға қайғырудың қажеті жоқ. Алла сізге не берсе демек соның сізге қайырлы болғаны. Алла құлына қайырсыз дүниені қалмайтыны анық. Өмірдегі ең басты нәрсе – ол Алланың бергенін бағалап, шүкірлікпен қабыл алу.

Жоқшылықты көрмеген адамның тәубесіне келіп, құдайын тануы да қиын. Өмірде белгілі бір нәрсеге қиындық, сынақтар арқылы жеткен адам өмірдің не екенін, және Алланың хақтығын өмірлік тәжірибесінен біліп, жадынан еш шығармайды. Иманы күшейеді, Алланың құдіретін таниды. Ал туғанынан үлде мен бүлдеге оранған балалардың орны толмас өкінішті жағдайларға ұрындырып жатқандары да жоқ емес.

Біз кей-кейде шүкірлік етуді, осы бейбіт күннің нығыметіне шүкірлік айтуды, қанағат етуді ұмытып кетіп жататынымыз жасырын емес. Ойланып көрейікші, мәселен соғыс уақытында автокөлік, ыстық суы мен дәретханасы ішідегі ұядай үй елдің түсіне кіріп шыққан жоқ. Мал бақты, совхозда, тылда жұмыс істеді, пеш жақты, отын жарды, көмір-су тасыды, қолмен шөп шапты, шанамен тасыды. Бұл сол кездегі тірліктің, бейнеттің  қарапайым тілмен айтылған түрі ғана мысалы. Сол кездегі ата-әжелеріміз дәл бүгінгі біздер сияқты өмір мен тағдырға шағым айтпады, Алланың қалауына қарсы келмеді, көнді, көтерді, аузынан шүкірлігін тастамады, сөйтіп  бейнетке белшесінен батып жүрсе де ұрпағын жалғады, он-оннан дүниеге сәйби әкеліп жеткізді. Ал айдың күннің аманында, ел аман, жұрт тынышта «жұмыс жоқ» деп, жұмыс болса «айлығы аз» деп екі қолды қоярға жер таппай жату кімге жарасады?

Шындап келгенде мұсылманнның тағдырға өкпе айтуға құқығы жоқ. Тағдырға ризалық таныту міндет. Әр нәрсенің Алланың қалауы екенін түсінген мұсылман әркімге өкпе-наразылығын айтпай, тек Алладан ған көмек, медет сұрайды.

Әбу Хұрайра Алла елшісінің: «Кедейлер Жұмаққа байлардан 500 жыл бұрын кіреді»-деген сөзін жеткізген. Сондай-ақ тағы бір сөзінде: «Егер менің Ұхұд тауындай алтыным болса, ол алтынды үш күннің ішінде таратпасам көңілім тыныштық таппас  еді»-дейді.

Алланың сүйікті Пайғамбары бай болмаған. Ардақты Айша анамыз: «Мұхаммедтің отбасы оның өліміне дейін жеткілікті асқа жарыған жоқ»-деген. Пайғамбардың отбасы да, үйі де, қолданатын заттары да қарапайым болған-ды. Мұсылман жоқшылыққа, қиындыққа сабыр етіп, содан төзімділікпен өте білсе Алланың алдында мерейі артпақ.  Бірде Алла елшісінің әйелдері Пайғамбарға өздерінің жоқшылық өміріне шағым  айта келеді. Сонда басы салбырап, екі қолы төмен түсіп отырған Пайғамбарымызға келесі аят  түсіріледі: «О, Пайғамбар, өзіңнің әйелдеріңе айт: «Егер сендер жалған өмірдің қызығын қаласаңдар мен сендердің қалағандарыңды беремін де ажырасамын. Ал егер сендер Алла мен Оның Пайғамбарын жақсы көрсеңдер сендердің Жаратушыларыңның сендей тақуа әйелдерге дайындаған үлкен нығметі бар»-дегін». Алла елшісі өзінің жұйбаалырна осы аятты оқып бергенде жұбайлары бір ауыздан Пайғамбарымызбен қалуды таңдаған екен.

Ер мен әйел, туған-туыстар бір-біріне тірек болуы тиіс. Кедейлік, жоқшылық – бұл да сынақ. Адам сабырлылық пен төзімділік танытпаса бұл өмірде де, о дүниедеде де өз жағдайын қиындатпаса жеңілдетпек емес. Көптеген сахабалар хақ дінді тарату үшін өзінің мал-мүлкін берген. Бұл сыйлауға тұрарлық іс.  Ал бүгін біз қандай күйдеміз? Байыған біреу өзінің туған-туысына мұрын шүйіре қарайтын күйге жеткен. Кедейлік – кемшілік емес, бізге Мұхаммед Пайғамбарымыз үлгі болуы тиіс. Ол қарапайым еді, және кедейлерді жақсы көрген. Адам қолындағы барына қанағат етсе, садақа берсе соның қайыры сараңдық пен байлықтан мың есе артық болмақ.

Қарағанды облыстық орталық мешіті

Әмина Омаров

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары