Қарағанды 07:20 Таң
  • 07:20 Таң
  • 08:54 Күн
  • 13:08 Бесін
  • 15:26 Екінті
  • 17:12 Шам
  • 18:46 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • ҚазРус
  • Радио
  • Кіру

Шуба кию күнә ма?

Сәлеметсіз бе! Интернетте жарияланып жүрген бейнероликтерге сенсек, құндыз (норка) тондарды тігушілер оның терісін тірідей сыпырып алады екен. Бұл - жауыздық қой. Оны көргеннен кейін әлгі тонды кигін де келмей қалады екен? Ал, осыған шариғат бойынша не үкімі бар? Киюге тыйым салына ма? Салтанат.

 

Сәлеметсіз бе! Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед ғалейһиссәләм өзінің бір сөзінде: «Тері иленсе, тазарады», - дейді[1]. Бұл дегеніміз, еті желінбейтін хайуанның терісі иленіп, белгілі өндеуден өткеннен соң таза күйге енеді деген сөз (доңыз терісінен басқа). Одан кейін, тазарған теріні түрлі кәдеге жаратуға болады. Айталық, құлақшын, тон, етік т.б. киістер тігіп, сан алуан бұйымдар жасауға болады.

Қазіргі таңдағы күзен (норка) секілді әртүрлі аң терілерінен өнделіп тігілетін ішіктерді киюдің негізінен алып қарағанда, күнәсі жоқ. Деректерге сүйенсек, Имам Ағзам Әбу Ханифаның тиін терісінен тігілген бас киімі болған. Хадисші Даххак бұлғын терісінен (соболь) тігілген құлақшын киген екен[2].

Ендігі жерде, қандай да бір хайуанға немесе аңға терісін тірідей сыпыру арқылы жапа шектіру ауыр күнә болып табылады. Ондай нәрсе – харам. Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің бір сөзінде: «Алла тағала әр нәрсеге мейірімдік көрсетуді жазып қойды. Егер, өлтіретін болсаңдар ең абзал түрде өлтіріңдер (жауыздық жасамаңдар). Мал соятын болсаңдар, ең абзал түрде сойыңдар...», - деп бұйырған[3].

Басқа бір хадисте, кішкентай шымшықты ермекке өлтірген адамнан қиямет күні оның ақысын алып беретіндігіне ишара етіледі[4]. Тағы бір хадисте бір әйелдің мысықты аштан қатырғаны үшін тозаққа тасталғандығы баяндалған. Сондықтан да, мұндай жауыздыққа Исламда жол жоқ. 

Алайда, осыған қарап жаппай ішік (шуба) атаулыны кию харам дей салсақ, онымыз асығыс айтылған тұжырым болар еді деген ойдамын (Аллаһу аъләм). Неге десеңіз, мұндай бассыздық кей елде орын алып, кей елде орын алмауы мүмкін.

Әйтсе де, ішік кимеу арқылы аталмыш сорақы әрекетке бойкот жариялағым келеді десеңіз, өз еркіңіз. Ардақты Алла елшісі: «Кімде-кім бір жаман әрекет көрсе (дұрыс емес әрекет көрсе), оны қолымен өзгертсін. Оған күші жетпесе, сөзбен айтып, өзгертсін. Оған да күші жетпесе, жүрегімен жек көріп тұрсын. Бұл - иманның ең әлсіз көрінісі», - деген. 

Бірақ, бұл мәселеде әлдебір жекелеген адамдардың қарсылығымен ғана шектелмей, «Жануарларды қорғау қоғамдық қоры» сияқты жергілікті құзырлы органдар өз қарауларына алып, ондай өрескелдікке тосқауыл болулары керек.


[1] Сахих Мүслим.
[2] Фәтәуәл Һиндия – 5/411 бет.
[3] Сахих Мүслім – Китабус саид. 3615/1955
[4]Әбу Дәуід, Китабуд Захая – №4446 хадис.

Абдусамат Қасым

ASYLDIN.KZ
Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    14 желтоқсан 2018 жыл Нәпсіге ие болу
    07 желтоқсан 2018 жыл Мұндай малға ен салу харам
    03 желтоқсан 2018 жыл Шуба кию күнә ма?
    © 2009-2018, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика