Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Пайғамбарымыздың балаға деген махаббаты
11 желтоқсан, 2018 жыл 212 Басып шығару нұсқасы

Алла Тағала барша адамзаттың жүрегіне балаға деген мейірімді беріп қойған. Кейбір жандар сол мейірімді баласына бөлмей, перзенттің қатыгез болуына себепкер болады. Сәбиді сүю, балға қамқорлық көрсету, жасөспірімге жол көрсету, өзінің болсын жаттың болсын аласына мейірім, шапағатпен қарау барша адамзаттың міндті болса керекті.

«Ата-ананың баласы үшін жасаған дұғасы қабыл болады» деген Пайғамбарымыз ﷺ  бала тәрбиесінде Алладан тілек тілеп, дұға жасауда үлкен мән бар екенін осылай ұқтырып отырған.

Анастан жеткен хадисте:

Пайғамбарымыз ﷺ  балалардың қасынан өтіп бара жатқан кезде амандасып өтетін (Бухари).

Намаз оқып тұрғанда егер баланың жылағанын естісе, анасы уайымдай ма? деп, намазын тез аяқтайтын. Пайғамбарымыздың ﷺ  Әбу Хурайрадан жеткен хадисінде:

Пайғамбар ﷺ  (немересі) Әли ұлы Хасанды сүйген еді. Сол уақытта қасында әл-Ақрағ ибн Хабис әт-Тамими отырған еді. Әл-Ақрағ былай деді: Менің он балам бар бірақ ешқайсын осы уақытқа дейін сүйген емеспін. Пайғамбарымыз ﷺ  оған ұнамаған күйде қарап былай деді: «Кім мейірімді болмаса, рақымшылыққа бөленбейді» (Муслим) деді.

Қызы Фатимаға (р.а.) сәбилердің үлпілдек шашын алып, алынған шаштың салмағындай садақа беруді тапсырған. «Нәрестеге берілген сүт адамның болашақ табиғаты мен мінез-құлқын қалыптастырады» деп, адал сүтпен қоректендірудің маңызын ұқтырған. Бірде таң намазын әдеттегіден жылдам оқып бітіреді. Сахабалардың бірі бұған таңданып: «Уа, Расулалла, бүгін намазды неліктен жылдам аяқтадыңыз?» – деп сұрағанда, «Арт жақтан жылаған баланың дауысын естімедің бе? Анасы барып тезірек жұбатқанын қаладым» (Ибн Хажәр) – деген. Балаға жалған сөйлемеу турасында жеткен хадистер де баршылық. Бірде Мәдинаға хижрет жасаған сахаба аналарымыздың бірі Ләйла (р.а.) Пайғамбарымыздың үйінде отырған кезінде сыртта ойнап жүрген ұлын шақырып:

– Балам, келе қойшы, саған бір нәрсе беремін, - дейді. Бұны естігенде Пайғамбарымыз ﷺ дереу одан:

– Ұлыңызға не бермексіз? - деп сұрайды. 

– Құрма берейін деп едім, – дегенінде: 

– Егер балаға «бір нәрсе берем» деп шақырып, еш нәрсе бермесеңіз, амал дәптеріңізге «өтірік айтты» деп жазылар еді, - деп ескерткен (Әбу Дауд)

Пайғамбармыздың ﷺ  баланы еркелетіп, мәжбүрлік жағдай болса да оның көңіліне қарағаны жайлы ақпараттар бар. Алла Елшісі ﷺ  баланы соншалықты сүйгені, оған деген мейірімі туралы сөз еткенде көңілің жұмсарып сала береді. Әбу Қатадә былай дейді: «Пайғамбарымыз ﷺ бір күні жиен немересі Умамәні иығына отырғызған күйде мешітке келді. Жамағатқа намаз оқытты. Рұқуғқа иілгенде қызды жерге түсіретін, сәждеден тұрған кезде қайтадан алатын» (Бухари).

Әркез отбасында балаларды бір-бірінен алаламауға шақырып, «Балаларыңды бөліп-жармай, теңдей көріңдер», «Бала алдындағы ата-ана міндеттеріңнің бірі – оларды алаламау» деп өсиет еткен пайғамбарымыз ﷺ  секілді барша ата-ана перзенттеріне қамқор болсын деп тілейміз.

Алла Тағала сыйлаған балаларымыдың дені сау болып, иманды, салиқалы ұрпақ болғай. Алла Елшісінің ﷺ  көркем мінезі әрбір перзентке дарып, ұлағатты отбасы болуын тілейміз!

 

Нуров Махмут қажы Нурұлы

«Бала қажы» мешітінің бас имамы

 

 

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары