Қарағанды 05:47 Таң
  • 05:47 Таң
  • 07:11 Күн
  • 13:21 Бесін
  • 17:26 Екінті
  • 19:21 Шам
  • 20:45 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • ҚазРус
  • Радио
  • Кіру

Жәннатқа барғың келсе мінезің пайғамбардыңкіндей болсын

Құран Кәрімде: «Шын мәнінде, сен ұлы (көркем) мінезге иесің», – деген керемет аят Мұхаммед пайғамбарымызға (с.ғ.с.)  арналған («Қалам» сүресі, 4-аят). Бұл аят жөнінде Қатада (р.а.) мынадай дерек келтіреді: Сағид бин Һишам, Айша анамыздан (р.а.) Алла елшісінің (с.ғ.с.) мінез-құлқы жайлы сұрайды. Анамыз: «Құран оқыған емессің бе?», – деді. Ол: «Оқимын», – деді. Анамыз: «Расында, Алла елшісінің (с.ғ.с.) мінезі Құран болатын», – деп жауап берген. Пайғамбар (с.ғ.с.) басқа бір хадистерінде : «Алла тағала мені көркем мінез-құлықты толықтыру үшін жіберді», – деген.( Муатта 904; Бәйхаки, әс-Сунәнул Кубра Х, 192)

Мәуліт айында жүзі аппақ нұрдай, әңгімесі тоқталмай аға беретін, әрекеттері әсем, тілінде қызылтілділік, сөздерінде шешендік, баяндауында төтенше бір көркемділік бар пайғамбарымыздың керемет мінезін насихаттамауға болмайды. Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Қиямет күні маған ең сүйіктілерің әрі ең жақын отыратындарың – көркем мінез-құлықтарың. Ал Қиямет күні мен үшін ең жамандарың және менен ең алыс отыратындарың – көп сөзділерің, шешенсіп сөйлейтіндерің және астамшылдарың. Адамдар: «Астамшылдар деген кімдер, уа, Расулалла?» -деп сұрағанда, ол (с.ғ.с): «Тәкаппар жандар», –деген» (Термези). Ол (с.ғ.с.) артық сөз айтпайтын. Әр сөйлеуі даналық сөздері мен үгіт еді. Аузына ешқашан өсек не пайдасыз әңгіме алмаған. Әркіммен ақылы және түйсігіне қарай сөйлескен. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сыпайы және кішіпейіл еді. Аллаһ елшісінің саналы ғұмыры негізінен көркем мінезді дәріптеуге арналды. «Көркем мінез» жайлы білмек болған бір кісіге пайғамбарымыз (с.а.с.): «(Мұхаммед) кешірім жолын ұста және оларға туралықты әмір ет. Сондай-ақ білместерден бет бұр», («Ағраф» сүресі, 199-аят) деген аятты оқып:

- Көркем мінез - туыстық қарым-қатынастарын үзгендермен арадағы аралас-құраластықты арттыруың, саған жамандық жасағандарға жақсылық жасап, қиянат жасағандарды кешіруің, - деп қорытқан. Және бір жерде Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қияметте амалдар өлшенгенде, таразыны ауыр басатын бірден-бір амал - Аллаһтан қорқу мен көркем мінез»,- деген, (Тирмизи, Бирр). Алла Елшісі (с.а.с.) зиялы адамдарға да түсініктеріне қарап құрмет көрсететін. Әhли Бәйтіне (Пайғамбардың жанұясы) және сахабаларға жақсы мәміле көрсететіндей басқа адамдармен де нәзіктікпен және ілтипатпен қарым-қатынас жасаған. Жомарт, жарылқаушы, мейірімді, қайырымды пайғамбарымыз берген уәдесіне берік және сөзінде шыншыл еді. Мінез-құлық, ақыл және парасат жағынан барлық адамзаттан үстем әрі барлық мақтауға лайық. Айша (р.а.) анамыз: «Алла елшісіндей көркем мінезді жан жоқ еді. Оны сахабаларының бірі немесе отбасының бірі шақыратын болса «ләббай» деп жауап беретін еді», – дейді. Артық сөз сөйлемей, әрбір сөйлеген сөзі даналық пен үгіт-насихатқа толы болған. Алла Елшісі (с.а.с.) көркем мінез-құлық туралы «Мен үшін сендердің ең – жақсыларың көркем мінезділерің» деген (Бухари).

Айша (Алла оған разы болсын): Хазрет пайғамбарымыз (с.а.с) былай айтты: «Я, Алла тағалам! Жаратылысымды көркем  еткенің сияқты, мінезімді де көркем етші!» - деп дұға ететін деді.

Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) деген махаббатымыз бен оның көркем мінез-құлқын бойымызға сіңіруіміз қажет. Ұлы Раббымыз, біздерді оған асқан махаббатпен қарайтын лайықты үммет қылғайсың! Мейірімділік аспанындағы «ұлы жаратылыс күнінің» сәулесінен жарық алып, жүрегіміз бен жүзімізді толған айдай жап-жарық қылғайсың! 

Алла Тағала мәуліт айындағы барша құлшылықтарымыз бен дұғаларымызды, пайғамбарымызға (с.а.с.) айтқан салауаттарымызды қабыл еткей!

 

 

Нуров Махмут қажы Нурұлы

«Бала қажы» мешітінің бас имамы

 

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    12 наурыз 2019 жыл Ата-аналардың 4 қателігі
    06 наурыз 2019 жыл САЛАУАТ ҚАЛАЙ АЙТЫЛАДЫ?
    22 ақпан 2019 жыл Тахаджут намазы
    © 2009-2019, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика