Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Мұсылманша фитнес
03 сәуір, 2015 жыл 175 Басып шығару нұсқасы

friniggi3 Тән мен денсаулықты күту – әр мұсылманның міндеті. Өз ағзасын күту және салауатты өмір салтын ұстану – Исламның ажырамас бөлігі. Салауатты өмір салтын ұстануда адамның денсаулығына пайдалы бірқатар кеңестер сүннетте сипатталған. Алла елшісінің кеңестеріне көңіл бөлелік:




  • Мұхаммед Пайғамбарымыз: «Шынында сенің тәніңнің сенде хақы бар»-деген. Адам ағзасы – Алла Тағаланың адамға берген аманаты, нығметі. Біз оны қалай сақтасақ, қалай қорғап, күтсек ол да біздің құлшылығымыз. Ал тән мен денсаулықты күтпеу аманатқа қиянат жасағанмен тең. Және бұл спортпен шұғылдануды, дұрыс тамақтануды, тыйым салынғаннан аулақ болуды және жеке бас тазалығын сақтауды қамтиды. Алла елшісі: «Асқан тақуа Алланың алдында әлсіз тақуаға қарағанда сүйікті, дегенмен әр қайсының жақсылығы бар...»-деген. Мұның астарында да рухани және физикалық мықтылықты меңзеу бар. Алланың аманатын күту де тақуалықты көрсетсе керек.

  • Адам үшін денсаулығын күтуге, жақсартуға бағытталған неше түрлі спорт түрлері бар, ал хадисте: «Өз балаларыңды жүзуге және атқа мінуге үйретіңдер»-делінеді. Аталаған екі спорт түрі де адам ағзасы үшін өте пайдалы. Басқа хадисте: «Мұсылманның назарын Аллаға құлшылық етуден аударатын кез-келген іс-әрекет уақытты босқа өткізу болып табылады, тек төрт іс бұған қосылмайды: нысана көздеп ату, атқа міну, отбасындағы ойындар мен суда жүзу»-делінеді.

  • Дұрыс тамақтануды ұмытпау қажет. Тамақтануға қатысты Мұхаммед Пайғамбардың сүннеті қашанда өзекті қағида болып табылады.

  • Салауатты өмір салтына ұмтылғанда иман мықты болмай адам денсаулығы мықты болмайтынын түсіну ұғып алған жөн. Сол себепті де қандай болсын спорт түрі діни міндеттердің алдына шықпауы қажет. Қазір бізде қалыптасқан жағдай қандай? Жас көріну, мүсінді сақтау, денсаулықты күту алға шыққан, ал адамдар Алладан алыс. Қашанда Алланы тану бірінші орында тұрса керек-ті. Сонымен қатар спортпен шұғылдану да шариғат талаптарына қайшы келмеуі тиіс, яғни ерлер мен әйелдердің бір жерде жаттықпағаны, әйел баласының жабысқақ, ашық-тесік киімнен алыс болғаны абзал.

  • Қарағанды облыстық орталық мешіті  Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары