Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Етеккірі келген қыз-келіншек тырнағы мен шашын алмасын... Себебі
23 желтоқсан, 2018 жыл 1280 Басып шығару нұсқасы

Жүніп болып жүрген адамға шаштары мен тырнақтарын алдырту дұрыс емес. Абзалы ғұсыл алған соң алдырту. 

«Ихйау Улюмид-Дин» атты кітабында Имам Газали осы жөнінде былай жазған:

«Жүніп болып жүрген адамға шаштары мен тырнақтарын алдыртуға, сондай-ақ, қасаға мен қолтық жүндерін қыруға  болмайды. Бұған тыйым салынбаған, алайда ұнамсыз іс болып саналады, өйткені ақиретте адам денесінен кесілген бөліктер мен қалдықтар қатадан қайтарылады. Ал жүніп болып жүрген кезде алынған дүниелер сол жүніп күйінде қайтарылады».

Адам өзі қадірлі жаратылыс, сондықтан оның денесінің барлық бөліктері де құрметке лайық, қадірлі болып табылады.  Сондықтан жүніп кезінде тіпті бір тырнақты болса да денеден бөліп алып тастауға болмайды. 

Егер адам жүніп кезінде шаштары мен тырнақтарын немесе  денесінің әлдебір бөлігін алдыртса, мұның ғұсылға еш зияны болмайды әрі кедергі болып табылмайды, тек адам ұнамсыз іс (мәкрүһ) жасаған болып саналады.

Хайыз кезіндегі қыз-келіншектер мәселесі  де тура солай. Хайыз кезінде шаштары мен тырнақтарын алдыртуға, сондай-ақ, қолтық пен қасаға жүндерін де қыруға болмайды.

asyldin.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары