Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Әр адам жасаған еңбегі мен ниетіне қарай сауап алады
17 сәуір, 2015 жыл 1679 Басып шығару нұсқасы

   oMdHIq9YCuEӘрбір істің түбінде бір ниет болатыны анық. Сондықтан жақсы істердің негізгі себептері ниет болғандықтан, жаман істердің де кінәлісі ішіміздегі ниет болып табылады. Алла Тағала үшін де біздің іс-әрекеттеріміздің сырт көрнісінен гөрі ішкі жан дүниеміздің таза болғаны маңызды. Бұған Пайғамбарымыздың (с.а.у) мына хадисінде: «Алла сендердің түрлерің мен сырт көрністеріңе әсте қарамайды, жүректеріңе қарайды»,-дейді.(Муслим,Ибн Мәжә,Зүһд) Пайғамбарымыздың (с.а.у)  тағы бір хадисінде: Бір меккелік кісі Үммү Қайс деген әйелге ғашық болады. Бірақ Үммү Қайс оған Мәдинаға һижрат жасайтын болса (көшетін болса) ғана тұрмысқа шығатынын айтады. Сосын әлгі ғашық болған кісі  барлығын мұсылмандармен бірге Мәдинаға жолға шығады. Муһажир (қоныс аударушы) мұсылмандар әйел үшін һижрат жасаған адамның мәселесі қандай болады? деген сауалмен  Пайғамбарға (с.а.у) келеді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у) оларға былай дейді: «Адамдардың іс-амалдары ниетке байланысты. Сондықтан да кімде-кімнің һижра жасау ниеті Алла және Оның Расулы үшін болса, оның жасаған һижрасы Алла және Оның Расулы жолында болмақ. Ал кімнің һижреті ниеті дүние-мүлік табу немесе бір әйелге үйлену мақсатында болса, оның жасаған һижрасы сол нәрселерде болады». (Бухари,Иман 41,Никах 5) Ниет ішінде де жақсы мен ең жақсысы, жаманы мен ең жаманы болады. Егер мақсаты ахырет үшін болса, онда жақсы ниет болғаны, ал тек Алла ризалығын ғана табу болса, ол – ең жақсы ниет. Сол сияқты көздеген мақсаты дүние тіршілігі үшін болса, онда – ол жаман ниет. Ал, ахыретті айтып  талпынған мақсаты жай сөз ретінде болса және  дүниелік қана болса –ең жаман ниетте болғаны. Осы ниеттің алғашқысына ие болғандар жайында Құранда «Әбрар» (яғни жақсылар) деп, екіншісіне қол жеткізгендер үшін «Муқаррабун» (яғни Аллаға ең жақындар) деп аталған. Ал кейінгі жаман ниеттегілерге кәпірлер, соның ішінде ең жаман ниет мұнафықтарға (екі жүзділер) тиісті болса керек. Сондықтан жақсы ниет пен шынайы ықыласқа болу мұсылмандардың жан дүниесін тазартады. Осы тұста Ислам ғұламасы Мәуләнә Жәләлуддин Румидің мына бір сөзін: «Өзің қандай блсаң, сондай болып көрін немесе қандай болып көрінсең, сондай болуға тырысып бақ!» - дейді. Мұсылман әрдайым іс-әрекетіне лайықты шынайы ниетте жүрмесе яғни айтқан сөзі мен істеген амалы бір-біріне керағар болса, Алла сақтасын, мұнафыққа айнала бастағаны. Ал мұнафық кәпірден де күнәһар. Бұл жайында Алла Тағала: «Күмәнсіз мұнафықтар тозақтың ең төменгі қабатына барады» (Ниса,145)-деген.


 Ниет жақсы болмаса...


Ниет жақсы болмаса, оған лайықты жаза болатынын ұмытпаған жөн. Себебі, Алла Тағала ешбір істі есепсіз жібермейді. Бұған Пайғамбарымыздың (с.а.у) мына хадисі дау тудырмаса керек. «Қиямет күні ең алғаш болып шейіт есепке тартылады. Оны періштелер Алланың алдына алып барады. Алла Тағала оған берген нығыметтерін есіне салады. Сонда ол жалған дүниеде істегендерін есіне алып, былай  мойындайды:




  • Бұл нығыметтерге алғыс ретінде не істедің? – деп сұралады.


Сонда адам: «Шейіт болғанша Сенің жолында болдым»– деп жауап береді.




  • Өтірік айтасың. Сен өзіңді батыр деп айтын деп соғыстың. Солай болды да, жұрт сені батыр екен десті. Енді анау жәһәннамға бар,-деп,ол адамды жәһәннамға тастауға бұйырады......» (Муслим,Имара,152).


Хадистің жалғасында аузын толтырып уағыз айтқан имам, ғалымның да, қайыр-садақа берген бай адамның да дәл солай, ниеттерінің түзу болмағандығы үшін сонша амалдарының босқа кететіні айтылады.


Ниеті жақсы боғанның дәрежесі қандай?


Пайғамбарымыз (с.а.у) хадисінде: «Сендерге бір нәрсе айтамын, жақсылап түсініп алындар! Дүниеде төрт түрлі адам бар: Біріншісі, Алла өзіне мал-мүлік пен білім берген адам. Бұл кісі мал-мүлкін Алла жолында жұмсайды. Туыстарына, жақын адамдарына  қарайласқан адам қолындағы  байлығында Алланың хақысы бар екендігін білетіні. Бұл ең жоғарғы дәреже. Екіншісі, Алла өзіне білім берген, бірақ мал-мүлік бермеген адам. Бұл адам жақсы ниетпен «егер менде мал-мүлік болса, менде оны Алла жолында жұмсайтын едім» деген ниетте болады. Бұл кісі де осы ниетінің жемісін көреді. Нәтижеде бұл екеуінің алатын сауабы тең болады....». Енді ойлаңыздаршы, біреу малмен тапқан сауапты екіншісі ниетпен – ақ тауып отыр. Олай болса, ниетімізді түзетейік, ағайын. Үнемі ізгі амалдар істей алмасақ та, үнемі жақсы ниетте жүрейік. Бірақ «ниетім түзу» деп бәрін қоя салу, оны іске асыруға ұмтылмау жақсы ниетке жатпайды. Себебі, ниеттің көрінісі сөз емес, ұмтылыс. Пайғамбарымыз (с.а.у): «Кімде-кім жақсылық істеуге ниет қылып, істей алмай қалса, Алла Тағала оған толық жақсылық істегендей сауап жазады. Ал жақсыға ниет етіп, сол ниетін іске асырған кісіге Алла он еседен жеті жүз есеге дейін, тіпті одан көп сауап жазылады» - дейді.


  Шет ауданы «Жанқұтты би» мешітінің бас имамы Берік Алпысбайұлы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары