Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ол жаққа кім барып келді дейсің?
28 сәуір, 2015 жыл 158 Басып шығару нұсқасы


Ертедегі данышпандардың айтқан сөзі бар екен: “Өткеніне үңілмегеннің болшақтан алар несібесі жоқ” – деген. Көмбесі тағылымға толы, адастырмас құс жолындай із қалдырған тарих сахынасында небір де жайсаң – жақсылардың өткені мәлім. Солардың ішінде Дәуіт пайғамбардың ұлы Сүлеймен пайғамбардың орны ерекше еді.


    Алла тағала өзінің сүйікті құлдарының бірі Сүйлеймен пайғамбарға жан – жануарлардың тілін білетін муғжиза берді. Дана халқымыздың ғибратында: “Аңыз түбі – шын, бақсы түбі – жын” – деп келгендей қиссалардың бірде Сүлеймен пайғамбар көлдің жағасына келсе ағыл – тегіл жылап отырған көлбақаны көреді. Көлбақаның көз жасының сыры неде екенін білмек мақсатта.
- Я, көлбақа бұның не? – деп сұрағанда көлбақа:
- Мен көлдің жағасында отырып, көлге бір балықшының келгенін көрдім. Ол жерді қопарып қып – қызыл құрт тауып алды да: “Бұл құртқа түспейтін балық жоқ шығар” – деп Ұлы Алласын аузына алмай сөйледі. Осыны естіп балықтарды ескертпекке суға түстім.
-Я, балықтар сыртта бір адам жерден қызыл құрт тауып алып: “Бұл құртқа түспейтін балық жоқ шығар” – деп Алласын ұмыт қалдырды. Егер құртты көрсеңдер оның астында істік темір бар, оған іліксеңдер балықшы сендерді судан суырып алып, қуырып жейді” – деп ескерттім. Бір үлкен балық келіп : “Ей!, ол жаққа кім барып келді дейсің?” – деп бірінші болып қармақты қапты да жіберді. 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары