Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Мұсылманды не мазалауы керек?
30 сәуір, 2015 жыл 108 Басып шығару нұсқасы

perestante-bespokoitsya-metody-izbavleniya-ot-stressaБіз екі күннің бірінде әр нәрсеге алаңдап отырамыз. Әуре-сарсаңымыз көп. Біреу баласын, біреу жұмысын, біреу үйін, біреу лауазымын ойлап, уайымдап әлек. Мұның бәрі, яғни мазасыздық, алаңдаушылық, уайым, абыржу – адамға қатты әсер етеді. Ал Ислам діні бұл дүниенің қызығы емес, ең алдымен ақыретті ойлап алаңдау керектігін ескертеді. Ақыретті ойламаған, сол үшін амал жасамаған адамның бұл дүниеде береке таба қояры екіталай. Құранда: «Адамның сәні - әйелдері, ұлдары, алтын, күмістері, жылқысы мен малы әкелетін рахат. Бұлар осы өмірдің қызықтары, бірақ Аллада қайтатын ең жақсы орын бар»-делінген.


Осындай күнделікті тірліктің,  ұсақ-түйектің уайымынан қалай арылуға болады? Алла елшісі жүректі жиі ауыртып, жанға маза бермейтін беймаза тірліктің уайымынан қалай арылудың, қалай тыныштық табудың жолын көрсетіп кеткен:




  1. Алланы жиі еске алу.


Алланы жиі еске алып, дұға ету, әсіресе Пайғамбарымыз (с.ғ.с) оқыған дұғаны оқу қажет. Ибн Масуд Пайғамбарымыз әлденеге мазасызданған кезде келесі дұғаны оқығанын жеткізеді: «О Алла , шынында, мен – Сенің құлыңмын, Сенің құлыңның баласымын. Мен Саған бағынамын және Сенің шешімдеріңе бойұсынамын, ал Сенің маған шығарған үкімің әділ. Мен Сенің әр есіміңмен сұраймын, Құранды менің жүрегіме көктем ет, жанымның нұры және менің қайғымның жоғалуына, мазасыздығымның тыйылуына себепші ет».


Кімнің жүрегі һәм көңілі әлденеге алаңдап, мазасызданса осы дұғаны оқып, Алланы ойлап, сабыр қылғаны абзал. Бұл дұға адамның мазасыздығын азайтады.


Сондай-ақ келесі дұғаны оқуға болады: «О Алла, шынында мен жалқаулықтан, сараңдықтан, кәріліктің қиындығынан және қабір азабынан Сенің қорғауыңа жүгіремін»




  1. Пайғамбарға салауат айту.


Салауат айту да мазасыздықтан, берекесіздіктен, уайымнан арылтады. Алла  салауат айтқанның азабын екі дүниеде де жеңілдетеді. Бірде Убай бин Кааб: «О Алланың елшісі! Мен саған жиі салауат айтамын. Мұны қанша рет жасауым керек?»-деп сұраған екен.  Алла елшісі: «Қалағаныңша»-деп жауап береді. Сонда Убай бин Кааб: «Мен егер осыған өз дұғамның төрттен бір бөлігін арнасам дұрыс болама?»-деп сұрайды. Пайғамбарымыз: «Қанша қажет деп санасаң сонша жаса, қаншалықты көп айтсаң соншалықты өзіңе жақсы»-дейді. Убай бин Кааб қайтадан: «Онда мен дұғамның тең жартысын осыған арнаймын»-дейді. Алла елшісі тағы да: «Қанша қажет деп санасаң сонша жаса, қаншалықты көп айтсаң соншалықты өзіңе жақсы»-дейді. Убай бин Кааб: «Онда мен дұғамның үштен екісін салауатқа арнасам қалай болады?»-дейді.  Пайғамбарымыз: «Қанша қаласаң сонша айт, бірақ арттыра түссең одан да жақсы болады!»-дейді. Убай бин Кааб: «Онда мен барлық уақытта саған салауат айтып жүремін»-дейді. Алла елшісі сол кезде: «Онда Алла Тағала саған барлық қиындықта көмектеседі және күнәларыңды кешіреді»-деген екен.



Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары