Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Сараңның есебі
05 мамыр, 2015 жыл 131 Басып шығару нұсқасы

Сараңның есебіХазіреті Мәулананың қызы бір күні әкесіне күйеуінің сараңдығын айтып шағымданады. «Әке, ол адам соншалықты мал-мүлкі, құлдары бол тұра, аш жүреді, үстіне де киім алмайды»,- дейді.
Мәулана былай деп жауап береді: «Дұрыс емес әрине, бірақ осындай сараңдар мен сараңдықтар болмаса, бұл дүниенің мал-мүлкі қалай жиналар еді?»-дейді. Сосын бір оқиға туралы айтады:
Бай, бірақ сараң бір адам екен. Бір күні мешітке барады. Бірден «Үйдегі шамды өшірдім бе екен?»-деп күмәнға салына бастайды.
Ерінбестен қайтадан үйіне келіп, күңіне айқайлайды: «Дереу шамды өшір, майы таусылмасын, бірақ есікті ашушы болма».
Күң «Есікті неге ашпаймын?»-дейді. «Есікті ашқанда тоқпағын қажайсың»-дейді.
Сонда күң: «Соншалықты есеппен жүретін болсаңыз, мешіттен осы жерге дейін жүргенде, аяқ киіміңіздің тозатынын ойламадыңыз ба?»-деп сұрайды.
Қожайыны бұл сұраққа «Қалайша ойламаймын, бұл жерге жалаңаяқ келдім, міне, аяқ киімім қолтығымда»,-дейді.
Бұл оқиғаны естіген Хазірет Мәулананың қызы өзінің жағдайына шүкіршілік еткен екен.
«Сараң адам ақ нанды құшақтап отырып аштан өледі» (Мақал)


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары