Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Алла елшісінің алғыс дұғасы
14 мамыр, 2015 жыл 2553 Басып шығару нұсқасы

 Несібе дұғамен келе ме?Дерек көздерінде арнайы «дұға-шүкір» туралы айтылмағанымен, Алла елшісі разылық белгісі ретінде түнгі намаз оқыған. Қандайда бір жақсы хабар алса шүкір-сәжде жасайтын болған.


Алғыс тілмен, денемен және жүрекпен айтылуы керек. Осылайша әр жақсылыққа келесі үлгідегідей алғыс білдірілуі керек: осы жақсылықты кім бергенін білу және Оны мойындау; Алланың бұйырғандарын мінсіз орындап, тыйым салғандарынан аулақ болу; Оны әрдайым еске алу және дұға жасау.


Алла елшісі айтқан дұғалар келтірілетін көптеген руаяттар бар. Әбу Умама: «Алла елшісі көп дұға жасады. Бірақ біз одан ештеңе есімізде сақтамадық. Сонда біз: «О, Алланың елшісі! Сен көп дұға оқыдың, біз есімізді сақтап қала алмадық»-дедік.  Сонда Алла елшісі: «Сендерге бәрі үйреніп алатын  дұғаны үйретейін бе?»-деді де, сөзін жалғастырып: «О Алла! Сенен Мұхаммед Пайғамбар сұрайтын жақсылықты сұраймын. Және Мұхаммед Пайғамбар неден қашып Сенен қорған іздесе, менде содан қашып Сенен қорған іздеймін. Тек Сен ғана көмек көрсетесің. Алладан басқа ешкімде не күш, не қуат жоқ»-деп айтыңдар»-деді.



Мына жайттарды есте сақтау қажет:


1.Араб тілін білмейтіндерге дұғаны араб тілінде жасау міндетті емес, әр адам ана тілінде жасауына болады.


2.Белгілі бір дұғаларды айту деген түсінік болмауы керек. Дұға жүректен шығуы тиіс.


3.Алла елшісінің әр сәті, әр минуты, әр күні Алланы еске алмай өтпеген. Сол себепті де бізде әр сәт сайын Алламен байланысты болуымыз қажет. Алланы жиі еске алып жүру керек.



Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары