Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Кедейлік келсе қайтпек керек?
10 маусым, 2015 жыл 183 Басып шығару нұсқасы

1369729731_01Бұл өмірде әр адамның алдында не күтіп тұрғаны беймәлім. Материалдық несібені де  адам бұйырғанына қарай алады. Біреу ғұмырын өмір бойы байлықта, біреу жоқшылықта өткізеді. Бүгін кедей болып, еңбектеніп біреу байыса, байлықтың қадірін білмеген біреу күні ертең тақыр кедейге айналып жатады. Бұның бәрі өзіміз көріп жүрген өмірдің мысалы. Бір күні ырзық-несібеміз артып, байып жатсақ қуанамыз әрине. Ондай кезде тоқмейілсу басым болады. Ал ісіміз кері кетіп, несібеміз кеміп қалса көңіл-күйіміз болмайды. Алдағы жақсы күндерді, ісіміздің оңға басуын күтумен боламыз да сол өзіміз өмір сүріп отырған күнді ұмытамыз.  Осы себепті де қанша отбасының шаңырағы шайқалып, қанша адам ішкілікке салынып жатыр?


Кедейліктің кезегі сізге келсе қайтпек керек? Ең алдымен оны Алланың қалауы ретінде қабылдау және қайырын тілеу қажет. Мынадай мақал бар: «Алла не істесе де – бәрі жақсылыққа». Иманы әлсіз, сабыры жоқ адамға кедейлікке көндігу, одан шығу өте ауыр. Ал сабырлы, иманды мұсылманға жеңіл болмақ.


Біріншісі - қаржы-қаражатыңыз бұрынғыдан азайған күннен бастап өз шығындарыңызды мүмкіндігінше қысқартқан абзал. Отбасына да мұны түсіндіру керек.


Екіншісі – қиындыққа дайын болу. Кез-келген мүмкіндікті пайдалану, қол қусырып жатпаудың қамын жасау қажет. Бұл әсіресе ерлер үшін қиын. Себебі жақсы жұмыс істеп үйренген адамның кез-келген қарапайым жұмысқа баруы қиын. Ал жақсы жұмыстың табылуын күтіп, үйде қол қусырып жатқаннан ақшаның аспаннан жаумайтыны анық. Қажеттіліктер, күнделікті тірлікке  қаражат керек.


Үшіншіден – не болса да Аллаға разы болу керек. Себебі Алланың сізді не себепті мұндай сынаққа салғанын білмейсіз. Себебі Алла құлына жамандық тілемейді. Демек мұның да астарында қайыр бар деген сөз.


Сынақ – Алладан кешірім сұрауға, көмек сұрауға, құлшылықты арттыруға себеп болатыны да бар. Адамдарға дүниенің бір сәттік екенін және оның бәрі Алланың қолында екенін жақсы түсіндіреді.


            «Жаратушы адамды мейіріміне бөлеп жақсылықтар бергенде адам: «Жаратушым менің жарылқады»-дейді. Ал Алла оны сынаққа салып, несібесін кеміткенде адам: «Жаратушым мені жәбірледі»-дейді. Мүлде олай емес» («әл-Фаджр» сүресі, № 15–17)-делінген.


Аллаға реніш білдіру, қалауына риза болмау ең үлкен қателік мұндағы. Сіз жамандық деп ойлаған сәтсіздік сіздің ең үлкен сәттілігіңіз болып шығуы мүмкін. Сіз оны білмейсіз. Оған тек уақыт керек және оны түсіну қажет. Ең бастысы сабырлықты жоғалтпай кедейліктен шыға білу маңызды.


Тіпті басыңызға түскен кедейлік сіздің жазаңыз болса да оның сізге қайыр бар: «Алла өзінің құлына жақсылық тілегенде Ол оны осы дүниеде жазалайды, ал Алла құлына жамандық тілесе Ол оны Қиямет күнінде жазалайды»-деген.


Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары