Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Сағындым сені пайғамбарым!
11 қаңтар, 2017 жыл 871 Басып шығару нұсқасы

Жаратушы Алла Тағалама сансыз шүкір, бүгін тағы да арайлап атқан таңды көрдім. Бүгін тағы таң намазының рахатына бөленіп, Ұлы Жаратушы иеммен тілдестім. Ал қазір түннің үштен бір бөлігі... Бүтіндей қала шыр ұйқыда жатыр. Бөлмемдегі тыныштықтан жанымды рухани рахатқа бөленіп отыр. Өзімнің сүйікті жайнамазыма жаймен келіп жайғастым. Қандай рахат. Расында, қазір менен асқан бақытты жан бар ма екен? Он екі мүшемді бүтіндей сау етіп жаратып, қасиетті Құран оқу үшін көзімнің нұрын сөндірмей, зкір айту үшін тілімді күрмелдірмей осы күнге дейін маған мейірімін төгіп келе жатқан  Жаратушы Раббымды ұлықтамасам менікі  үлкен күнә болады ғой... Истиғфар... Истиғфар... Истиғфар...О, Алла! Баршамыздың біліп те, білмей жасаған барлық күнәларымызды кешіріп, мейіріміңе алшы.  Сені есімізден шығарған әр сәтімізді кешірші. Ахіретімізді ойлап жүрегім жылайды, Я Раббым!

Өзіңнің елшің Мұхаммед Мұстафа салалляху алейхи уа саллямды сондай қатты жақсы көреміз. Құрметті елшімізге деген сезіміміз ұшан теңіз. Я, Алланың елшісі (салалляху алейхи уа саллям) Ұлы Алла Тағала осы жарық ғаламды Сен үшін жаратты. Сені барша адам баласының үлгісі етіп жіберді. Сен Исламның күнісің я Алланың елшісі. Біз сені Алланың разылығы үшін өте қатты жақсы көреміз. Өзіңнің жүзіңді көрмесек те милиардтаған мұсылман алақан жайып, өзіңді дұғаға қосып келеді. Біздің шапағатшымыз да Өзіңсің ғой Я Мұхаммед Мұстафа салалляху алейхи уа саллям)! Менің саған қатты ұқсағым келеді. Өзің салып кеткен сара жолыңнан таймай, Ұлы жаратушымның сүйікті құлдарының бірі болып, Өзің сияқты игілік пен жақсылық жолында мұсылмандарға көмек бергім келеді. Өмірімнің жарығы болған сүйікті пайғамбарым! Өмірімнің берекесі болған сүйікті пайғамбарым! Өзіңе сансыз салауаттар болсын Я Мұхаммед Мұстафа (салалляху алейхи уа саллям)! Сенің сүннетіңді сондай жақсы көремін! Өзің сияқты тахаджут намазына тұрып, аяқатарым ісіп кеткенше намаз оқығанды сондай жақсы көремін. Түннің үшнет бір бөлігінде екі жанарым қызарып кеткенше Құран оқығанды сондай жақсы көремін!  Әр намазымды асығып, Раббымды сағынып оқимын!

Я Расул Алла! Менің маңдайыма сені көру жазылған бе екен?! Мен әр  түнімде сені көрсем екен деп дұға етемін...Әйтеуір бір түсімде Өзіңді күткен кездесу болар ма екен деп, зкірімен ұйықтайтын түндерім көп болады, Я Расул Аллам! Сені сондай қатты көрім келеді...Сенің айтып кеткен әр сөзің бзідің өмірімге мән берді. Түнгі аспанды жұлдыздар қалай сұлуландырса, сенің сөзің дәл солай біздің өмірімге береке мен нұр берді. О Мұхаммед (салалляху алейхи уа саллям)! Сенімен бірге намаз оқыған жандардың қатарында болғанымда ғой. Сенің заманыңда өмір сүрен сахабалардың қатарында болғанымда ғой. Сенің табалдырығыңның қасында жатып ұйықтағанымда ғой, Я Расул Алла!  Сенің жасаған дұғаңа бірге жылап тұрып алақан жайғандардың қатарында болғанымда ғой...Сен бар жерде бар болғанымда ғой...О Мұхаммед Мұслафа! Сенің дем жұтқан ауаңмен дем алғым келеді. Тым болмаса, Өзің басқан, аяғыңа тікені кірген жерге табаным тисе, мен үшін ол да бір бақыт сияқты. Сенің дауысыңды естуге біздің жүрек дайын емес шығар ау! Ондай бақытты жүрегіміз сірә да көтере алмас..

О Мұхаммед (салалляху алейхи уа саллям)! Сен Исламның көктемісің! Біздің үммет үшін уайымға батып, қамыққан көздеріңді, нұрлы жүзіңді көрем бе екен?

О Жаратушы Ием Алла Тағала! Барша мақтау бір Өзіңе тән! Сен Аса қамқорсың, Ұлы Құдірет иесісің! Маған Өзіңнің сүйікті елшің Мұхаммед Мұслафа (салалляху алейхи уа саллямнің) зиратына бару мүмкіндігін нәсіп етші! Мені де қасиетті Мекке қаласына, Өзіңнің жердегі қасиетті үйіңе қонақ етші Иа Аллам! Өл өлгенше иман етіп, Құран мен намаздан ахіретіме азық жинатын күш пен қуат берші Раббым! Барша мұсылман қауымының жүрегінде иан беріп, әлі иман келтірмегендердің жүрегіне бидадың түйіріндей сенім берші, иаман берші. Бізді тақуалардың қатарынан ете көрші Я Раббым! Әумин!

Назира Байназарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары