Әлдебір адам сақалы мен шашын алдыру үшін шаштаразшыға барады.
Шаш алу кезінде екеуі әңгіме бастайды. Әр түрлі тақырыпты қозғай келіп, соңғы әңгімелері Рамазан, Аллаға сенім туралы тақырыпқа ойысады.
Шаштаразшы:
– Мен Алланың бар екеніне сенбеймін – дейді.
Әлгі адам:
– Неге олай ойлайсың? – дейді
Шаштаразшы:
– Мұны түсіндіру оңай. Оны түсіну үшін көшеге шықсаң жеткілікті. Егер Алла болса жер бетінде осынша кедей, сырқат, бақытсыз адамдар, тастанды балалар көп болар ма еді? Алла болса ешкім жапа шекпес едім, ешкім ешкімді ренжітпеген болар еді. Егер Алла бар болса мұндай оқиғалардың орын алуына жол бермес еді – дейді.
Шашын алғызып отырған адам ойланып қалады да, бірақ басы артық дауға бармас үшін үндемей қоя салады. Шаштаразшы жұмысын аяқтағаннан кейін далаға шығады. Осы сәтте жол бойынша шашы өсіп кеткен қаңғыбасты көреді. Сыртқы түрі оның көптен бері қырынбағанын, шашын алғызбағанын айтып тұрған еді. Әлгі адам шаштаразшыға қайтып келіп:
– Білесің бе, маған осы әлемде шаштаразшылар жоқ сияқты көрінеді - дейді.
Шаштаразшы шамданып:
– Қалжыңдап тұрсың ба? Ол мүмкін емес? Міне, мен тұрмын – дейді.
Әлгі адам өз дегенінен қайтпай:
– Жоқ, шаштаразшылар жоқ. Егер олар бар болса жол бойынша шашы өсіп кеткен қаңғыбастар жүрмес еді – дейді.
Шаштаразшы ойланып қалады:
– Хм... Шаштаразшылар бар, бірақ әлгі адамдар маған келмесе мен не істей аламын?
Әлгі адам онысымен келіседі:
– Міне дұрыс! Бұл ең бастысы! Алла бар! Ал адамдар Оған бармаса бұл олардың өз таңдауы. Сондықтан да жер бетінде қайғы мен ауыртпалық көп...
Қарағанды облыстық орталық мешіті
Әмина Омарова
Пікірлер