Тұлпар бар ма тұяғы майрылмаған,
Сұңқар бар ма қияғы қайырылмаған,
Қашан да тағдыр – ажал жеткен күні,
Кімдерден кімдер жылап айырылмаған.
Орынбай Кертағыұлы
Мен боламын демеңдер,
Аяқты алшаң басқанға.
Екі көзің аларып,
Құр қарайсың аспанға.
Бір ғылымнан басқаның,
Бәрі де кесел асқанға.
Өйткен адам жолығар,
Кешікпей-ақ тосқанға.
Абай
Пікірлер