Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Өкініш
14 тамыз, 2015 жыл 309 Басып шығару нұсқасы

 1410949444_families-free-consultations




  • Нұрали, балам, тағы да компьютерге үңілдің бе? Сабағыңды оқып болсаң қолыңа кітап алсаңшы, бар білім кітапта ғой.

  • Ана, қазір дамығын заман. Бүгінде бар білім ғаламторда.

  • Сені әкең араб тілі дәрісіне жай жіберген жоқ. Қолыңа Құран кітапты алып, күнде бір бет болса да оқып отыр, айналайын.


«Жарайды» деп жауап бірді де Нұрали компьютер бетіне үңіліп, ғаламтордың «ішіне кіріп» кетті. Кешкі тамақты ішіп болған соң, әкесі Марат бір сәт уақытын балаларына бөлуді ұйғарып, бәрін  көгілдір экран алдына жинады. «Асыл арнаны» қосып, діни бағдарламалар тыңдай бастады. Бірер минуттан соң, таңертеңнен кешке дейін жұмыста болатын әкесі қалғып кетті. Барлық бала осыны күткендей. Үйдің үлкені Назира телефонына шұқшиды, ортаншы Алпамыс планшеттегі ғаламторға үңілді, ал Нұрали компьютерге қайта отырды. Анасы Мадина ыдыс-аяқты жуып, әдеттегідей үй шаруасымен жүр. «Көз жанарларыңды құртасыңдар. Қане, сөндіріңдер барлығын» деп балаларына ренжіген ана көзін бір алартты. Ананың көзі әкеніңкіндей емес, «ана, тағы бір сәт» деп еркелей, енді бірі наздана ешкім өз орнынан козғала қоймады. Бұл күнделікті жағдай. Әбден мезі болған анасы балаларына ой тастағысы келіп, еркелете алдай сөйлеп: «Құдай бере салған өздерін, айналып кетейін сендерден. Қане, келіңдерші қасыма», - деп, жинап алды да «Аль-Байхаки деген ғұламаның кітабында былай деп жазылыпты: «Абдуллах ибн Умар (р.а.) айтыпты: Алланың елшісі пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Жүрек суда жатқан темірдей тот басады» депті. Әлде біреу: «О, Алланың елшісі (с.ғ.с.) оны не тазарта алады?» деп сұрапты. Сонда  Пайғамбар (с.ғ.с.): «Өлім туралы ойлану және Құранды көп оқу!» деп жауап беріпті. Ал, балаларым, үйде Құран кітабының қазақша аудармасы бар, соны оқыңдар, жарайма?! Нұрали, сен тіпті арабша оқысаң болады. Ал, қазір жатып, демалыңдар. Ертең менің осы айтқанымды орындаңдар! Расында, бұл бірінші рет ескертіліп отырған жай еместін.


Түні бойы көз жұмбаған Нұрали таң ата төсекке жатқан. Есесіне сабаққа кешігіп қалды. Мектепке асыққан ұлын анасы көлікпен жеткізіп салмақ болған. Кептелісте көп тұрып біраз уақытты өткізіп алған Мадина, қысқа жолмен тездетуді ұйғарды. Жазым аяқ астынан келіп, жолкөлік апаты орын алды.  Анасы сол сәтте-ақ көз жұмды. Нұрали көзіне опа жасатып, бірнеше ай емханада жатты. Ол анасының дүниеден өткенінен бейхабар еді. Әкесі үйге келгенде айтармыз деп шешкен. Опа сәтсіз шығып, балақай екі жанарынан да айрылған болатын. Енді ауруханада жатудың пайдасы жоқ екенін түсінген Марат ұлын үйіне әкелді. Үй жым-жырт. Анасының еркелеткен үні естілмейді. Назира, Алпамыс және әкесі отырып Нұралиге мән-жайды түсіндірді. Оның көзінен аққан ащы жас бетті жуып әкетті. Тоқтар емес. «Анамның суретін беріңдерші» - деді Нұрали. Осы сәт көре алмайтыны есіне түсіп, даусы қарлығы айқайлай кетті. Әкесінің алдына еңкейе түскен ұл барлығының жүрегін қан жылатты...


Кеше ғана бауырына басып, құмарлана иіскеген анасын есіне алып, айтқан ақылына құлақ салмаған перзенттер енді бүгін Құран кітапқа үңіле қарайды. Қос жанарынан айрылған Нұрали еріксіз сүрелерді тыңдайды. Миды улаған ғаламторға үңілмей бір сәт қолдарына кітап алғанда еді, Алладан дұға етіп, Құран бетіне көз жүгірткенде еді, бәлкім бүгінгідей оқиға орын алмас та ма  еді. Бәрінің ішін өкініш кернейді. Енді бәрі кеш...



Кәусар Сабыр

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары