Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Татулық табылмас бақыт
16 қыркүйек, 2015 жыл 1634 Басып шығару нұсқасы

Дініміз исламның көптеп тоқталатын тақырыптарының бірі, бақытты ғұмыр кешудің шарты саналған ауызбіршілік бар жерде бауырластық, тыныштық, молшылық, береке және Алланың рахымы болатыны сөзсіз. Дүние ақыретте бақытты болу тек қана Алланың кітабын өзімізге өнеге етіп, ауызбіршілікте тату-тәтті ғұмыр кешумен ғана мүмкін болады. «Халықтарды бір бірінен бөлетін теңіздер немесе тілдердің бөлектігі де емес, араздық қана» деген даналық сөз бар. Достық жоқ жерде араздық белең алатыны белгілі.


Осы тұста Алла тағала Құран кәрімнің әл-Ғимран 103 аятында:


وَاعْتَصِمُوابِحَبْلِاللَّهِجَمِيعًاوَلَاتَفَرَّقُواوَاذْكُرُوانِعْمَةَاللَّهِعَلَيْكُمْإِذْكُنْتُمْأَعْدَاءًفَأَلَّفَبَيْنَقُلُوبِكُمْفَأَصْبَحْتُمْبِنِعْمَتِهِإِخْوَانًاوَكُنْتُمْعَلَىشَفَاحُفْرَةٍمِنْالنَّارِفَأَنْقَذَكُمْمِنْهَاكَذَلِكَيُبَيِّنُاللَّهُلَكُمْآيَاتِهِلَعَلَّكُمْتَهْتَدُونَ


«Алла тартқан желіден (діннен) бекем ұстап, айырылмаңдар. Алланың өздеріңе жасаған рақымын еске алыңдар. Сендер өзара жау едіңдер, ол сендердің жүректеріңді жақындатты. Соның рақымымен табысып, туыстасыңдар. Сендер тозақ апатының жиегінде тұр едіңдер, Алла сендерді одан да құтқарды. Алланың аяттары міне, осы жайды баяндайды. Мүмкін осыған ой жіберіп, тура жолға түсерсіңдер», — дейді


Исламның бір мағынасы бейбітшілік. «Адамзатты махаббатпен жаратқан» (Абай). Сондықтан адам баласына жүрек беріп, оған ізгі сезімдер дарытқан, тура жолды, ақиқатты көрсетіп мейірім шуағын төккен Алла тағала пендесін ананың өз перзентін сүйгенінен артық жақсы көреді.


Ұлы жаратушы қасиетті құран кәрімде бір-бірімен танысып білісу үшін адамдарды қауым, тайпа етіп жаратқанын ескертеді. Ендеше, бөлек-бөлек, біздің ұлттық ерекшеліктеріміз, әрқилы дәстүріміз бен мәдинетіміз бөліну емес бірігу, айырылысу емес, танысып білісу үшін екен.


Алла тағала құран кәрімде;


«Әрі ізгілік пен тақуалық жолында ынтымақтасыңдар, күнә мен дұшпандық жолында сыбайласпаңдар!» (Мәида сүресі 2 аят)


Ынтымақ бірлікті бас пайдадан биік қойған қазақ халқында мынадай мақал бар. « Байлық байлық емес, бірлік байлық» «Ынтымақсыз елді ұрысы билейді, ынтымақты елді дұрысы билейді». Ғасырлардан жалғасып келе жатқан осы игі дәстүрлердің негізі Ислам дінінде жатыр. Қай жағынан алып қарасақ та, асыл дініміз ынтымақ бірлікті имани қоғам құруға шақырады. Халқымыз да әрбір даналық сөздері мен нақылдарын түбі бір дінімізден алып, ұрпақ тәрбиесіне қолданған.


Дайындаған: Қарағанды №1-мешітінің наиб имамы Тенелов Арыстанбек

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары