Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Туыстық қарым-қатынас
21 қыркүйек, 2015 жыл 861 Басып шығару нұсқасы

Негізінде Алла әділетті, игілікті және ағайынға қарайласуды бұйырады. Және де арсыздықтан, қарсылықтан әм зорекерліктен тыяды. Әрине түсінесіңдер. (90.Нахыл сүресі).


Хазіреті Әбу Аюбтан: - Бір күні бір жолаушы Пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жанына келіп, «Ия Расулаллаһ, мені жұмаққа жақындататын, тозақтан алыстататын амал қандай?» деді. Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаға ешбір ортақ қоспа, құлшылық жасау, намаз оқу, зекет беру және туыстық қарым-қатынас жасау».


Ибни Аби Уафа (Алла одан разы болсын) айтты: Бір арада кешінде Пайғамбарымызбен (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бірге едік. «Қандай да бір туысымен ренжіскен менің жанымда отырмасын, шығып кетсін» деп бұйырды. Ешкім орнынан тұрмады. Тек сұхбаттың ең соңындағы сапта отырған бір адам тұрып, шығып кетті де, біраз уақыттан кейін қайтып келді.


Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Не болды? Жолдастарың тұрмады, сен тұрып кеттің?» деп сұрады. Сол кезде әлгі кісі: -Иа, Расулаллаһ тәтеммен араз едім. Сіздің сөзіңізді естігеннен кейін оған бардым. Тәтем таң қалды. Екеуіміз Алла разылығы үшін бір-бірімізді кешірдік. Алладан кешірім сұрадық. Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Біліңіз, туыстарымен ренжіскен бір кісіге қамқоршы болған жамағатқа Алланың рахметі жаумайды».


Туыс хақын қарасқанға сауабы тез берілген басқа ешбір жақсылық жоқ, бұның қарсысында хақсыздық жасау және туыс хақын жеуде ахиреттегі жаза жанында дүниеде жазасын алуына тартпаған, күнәға жол ашқан басқа бір күнә жоқ.


Амир б. Шуғайбтан:


«Бір адам Пайғамбарымызға (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келіп: «Менің кейбір жақындарым бар. Мен оларға деген міндеттерімді жасаймын, олар жасамайды. Мен олардың қателіктерін жақсылықпен қарсы аламын, олар маған хақсыздық жасайды. Жақсылық жасасам, жамандықпен жауап етеді. Мен олардың жасағаны сияқты жасайын ба?» деп сұрайды.


Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай жауап береді: «Жоқ. Сен солай жасасаң, туыстарың сияқты боласың. Керісінше, сен жақсылық жолын ұстап, оларға қарсы міндеттеріңді жалғастыр. Өйткені сен осылай істеумен, Алланың рахметі үстінен кесілмейді».


«Үш күн өмірі қалған бір адам туыс хаққын қарайласса, Алла оның өмірін 30 жылға ұзартар. Бұған қарсыда 30 жыл өмірі бар бір адам туыс хақын мұқият етпесе, сол себептен Алла өмірін қысқартады».


Хадис-шариф: «Алладан қорқыңыз және туыстарыңызға қарайласыңыз, өйткені осылай істеу арқылы дүниеде қалу мерзіміңіз ұзарады, ахиретте ең хайырлы амал болып қарсымызға шығады».


Туысың болып, оны зиярат етуге бармасаң және оған еш нәрсе бермесең, туыстық хақты жеген боласың, яғни туыс қатынасын үзген болып саналады.


Алла тарапынан түскен сухуфтардың бірінде былай жазылған:


-Ей, адам балассы, туыстық қарым-қатынасты малмен қарайлас. Егер малың аз болса, ол кезде туыс хақын зиярат етумен қарайлас.


Хадис-шариф: «Саф бір сәлеммен болса да, туыс хақын қарайласыңыз»


Хз. Мұсаға түскен Тауратта былай жазылған:


«Раббыңнан қорық, әке-шешеге жақсы қара, туыстарыңа қарайлас. Бұларды жасасаң, өміріңді ұзартады, жұмыстарың қолайлы болады және қиыншылықтарды кетіреді».


Бір замандарда Меккеде Хорасан есімді бір адам болған. Ол адам да салих біреу болғаны үшін барлығы қолдарындағы аманатты оған тапсыратын. Бір күні оған біреу 10 мың лираны аманатқа тастап, жұмыстарымен Меккеден кетіп қалады.


Ол кісі Меккеге келген кезде Хорасанның өлгенін – қайтыс болып кеткенін естиді. Жанұясына оған аманат тастағанын айтады, бірақ жанұясы еш нәрсе бізге тапсырмады дейді. Сонда әлгі кісі жағдайын Меккедегі ғалымға түсіндіреді. Ғалым былай дейді: -Айтқан Хорасан жұмақтық болды деп үміт етеміз. Сол үшін кештің үштен бірінде Зәмзәм құдығының басына бар және «Ей, Пәленшенің ұлы пәленше, мен пәленше нәрсенің иесімін, аманаттың иесімін» деп дауыста. Сол кісі үш күн осылай істейді, бірақ Хорасан жауап бермейді. Қайтадан ғалымға барады. Ғалым шошиды. «Инна Лиллахи уа инна иләйхи рожиғун» деп былай дейді: «Ендеше сенің досың тозақтық болғаны, сен кештің үштен бірінде Берхут атты жазық жерге барып, Зәмзәм құдығында дауыстағандай дауыста. Адам Берхуттағы құдықтың жанында дауыстағанда, Хорасан жауап қайтады. Сонда әлгі кісі «Сен бұл жерге қалай түстің?» дегенде, Хорасан «кейбір туыстарым бар еді, олармен қарым-қатынас жасамаушы едім. Хз. Алла мені кінәлі көріп, мына жерге жіберді. Аманатыңды ұлыма сенбегеннен кейін, үйімнің бір бөлмесіне көмдім. Сол жерден ал» деп айтады. Ол кісі бөлмеге барып, алтындарын алады.


Егер кісі туыстарының жанында жақын тұратын болса, оларға сыйлықпен және зияратпен туыстық қарым-қатынас жасау керек. Адам оларға сыйлық бермесе, қиыншылық, қысылған жағдайда жәрдемші болумен туыстық қатынасын жасауы керек.


Туыстық қарым-қатынас жасауда 10 пайда бар:


1. Алла ризалығына ие болады. Өйткені Алла туысқа қарайласуды әмір еткен.


2. Туысын қуантады. Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадис-шарифте «Ең жоғарғы амал - бір мүминді қуанту» деп бұйырған.


3. Періштелердің қуануына жол ашады.


4. Мұсылмандардың мадақтарын алады.


5. Лағнет етілген шайтанның жанын сығады.


6. Өмірін ұзартады.


7. Рызығы берекеттенеді.


8. Өлілерді қуантады. Туыстарына қарайласқанда ата-бабалары қуанады.


9. Туыстар арасында сүйіспеншілік артады. Өйткені адамның басына қиыншылық келген кезде немесе қуаныш болған кезде бірге бөліскен заманда сүйіспеншілік артуына себеп болады.


Өлімнен кейін сауап алуына себеп болады. Туыстары жақсылықтарын айтып, еске алады және дуа жасайды. Олай болса, ағайы арасындағы ынтымақты арттырып, туыстық байланысқа бекем болайық, ардақты ағайын!


Дайындаған:


Қарағанды қалалық №1-мешітінің наиб имамы Байсенбаев Хайрулла Жақияұлы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары