Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ислам халықтық дін
09 ақпан, 2020 жыл 14 Басып шығару нұсқасы

Ислам – ізгілік, адамгершілік діні. Ұлы тәлімгер Пайғамбарымыз Мұхаммед(с.ғ.с.): «Шын мұсылман – тілі мен қолынан ешкімге зияны тимейтін адам» – депті. Діннің шын мәніндегі бағытын білген жамағат ешуақытта адаспайды. Ислам дінінің осы қазақ даласына келгеніне де он екі ғасырдан асты. Біздің елімізде бұл дінге деген құрмет қазіргі таңда артып отыр. Қазақ елінде ислам діні қанат жайып мешітке келушілердің саны күн санап артуда. Мұсылман кісі өзгелерге тіл тигізіп сауап таппайды. Керісінше күнәға ұрынады. Ислам – діні нағыз халықтық дін. Ешкімге, жауына да жамандық тілемейді. Тек жақсылық сұрайды. «Дінге зорлық жоқ» дейді Құран хадистерінде. Құранның қағидасы бойынша дін жайлы былай делінген: «... иелерімен ең көркем түрде, сыпайылық пен әдептілік сақтап пікір алысыңдар».  Бұл дана халқымыздың «Еркіндік қайда болса, елдік сонда, бірлік қайда болса, ерлік сонда» деген аталы сөзімен ұштасып, тұғырымыз – тыныштық, тірлігіміз – тұрақтылық, тілегіміз татулық секілді ұлы мақсатқа жалғасып, ол мақсатта мәңгілігімізге айналуына тілектеспіз.

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары