Салт пен діннің өзара сабақтастығы
Тәуелсіздіктің арқасында жаңарған заман, өзгерген өлке, түлеген ел Ислам дінінің кеңінен қанат жаюуына жаңаша сипат беріп, оның қыры мен сырын бұрынғыдан да жарқыратып аша түсті. Жаһандану процесі арқылы шығыс пен батыс мәдениеті біте қайнасып бара жатқан тұста, кеше мен бүгінді, ертең мен болашақты жарқын етті.
Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі. Діни мәселелер қандай заманда болмасын қоғам мен мемлекет үшін аса маңызды күрделі мәселелердің бірі болып келген. Қазіргі кезеңде дін - қоғамның әлеуметтік және рухани өмірінің маңызды құрамы. Дін арқылы адамдар өздерінің дәстүрлі құндылықтарын қайта жаңғыртуға талпыныс жасауда. Сонымен қатар қазіргі таңда басқа да жат діни ағымдарға бет бұрған жастар да кездеседі. Жат ағымға еру себептерінің бірі – ақпараттық кеңістіктегі діни бағытта жұмыс істейтін алуан түрлі сайттардың әсері. Жастар, әсіресе діни тақырыптарға байланысты сұрақтар туындағанда, қай сайттың ақ екенін немесе қара екенін ажырата бермейді. Осындай ара жікті ажырата алмау себептерінің салдарынан дәстүрлі дінімізге көзқарастары өзгеріп, түрлі жағдайларға барып жатады. Бұл жағдайда мемлекетіміздің қауіпсіздігі үшін бірден-бір дұрыс шешім – жастар арасында дәстүрлі дінді насихаттауға бағытталған сабақтарды көбірек ұйымдастырған жөн. Мұндай шаралар әрбір жастың діни білімін арттырып, өмірге деген көзқарасын жақсартуға көмектесіп тура жолға түсіреді деген ойдамыз.
ihsan.kz
Пікірлер