Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Хиджаб туралы
17 ақпан, 2020 жыл 17 Басып шығару нұсқасы

Жыл сайын хиджаб киген мұсылман қыздардының саны көбейіп келе жатыр. Қазақстандықтардың көбісі мұсылман болғандығына қарамастан, хиджаб кию халық арасында әр түрлі пікірлер тудырады. Біреулер жақтаса, біреулері «хиджаб қазақтікі емес» деп ашуланады. Қазіргі таңда мектептерде хиджаб киюге тыйым салынды, бұған қарсы шыққандарға айыппұл салынған болатын. Біреулер әуретін жапқан мұсылман қызын «ортағасырда қалып қойған» әлде «заманына сай жүргісі келмейтінге» баласа, бәз біреулер хиджаб десе тіпті шошып, оны ислами экстремизмнің сипаты деп санайды, ал, әрбір оранған қызды көрсе, оны лаңкес әрекеттерге баратын терроршы болуы ықтимал деп сенеді. Осы пікірлер себепті, жас қыздарымыз хиджабты қартайған шақта, зейнеткерлікке шыққасын ғана кие жатармыз, жас кезімізде «жүректе иман» болса, сол да жеткілікті, ал, оқу, жұмыс пен сәтті мансапқа жету, бақытты тұрмыс құруда хиджаб кедергі болады деп ойлайтынға көшіпті.  «Нұр» сүресінде Алла Тағала айтады: «Ей, Мұхаммед! Мүмін әйелдерге де айт: “(бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Сондай-ақ, зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өзіндігінен көрінгендері басқа (беті, қол-аяқтары). Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін керсетпесін. Бірақ ерлеріне, әкелеріне, қайын аталарына, өз ұлдарына, өгей ұлдарына, аға-бауырларына, олардың ұлдарына, әпке-сіңлілерінің ұлдарына, мұсылман әйелдерге, қолдарындағы күңдеріне, әйел керек қылмайтын қызметшілерге немесе әйелдердің ұятты жерлерін білмейтін балаларға көрсетулеріне болады. Және де көрік- зейнеттерін басқаларға білдіру үшін аяқтарын ұрып жүрмесін...» (24:31).

Хиджаб қандай болуы тиіс деген сұраққа жауап іздеп, тоқтаала кетсек. Жалпы, хиджабтың пішіні мен түсіне келсек, бұған қатысты көптің арасында дау да, жаңсақ пікірлер де жиі кезігеді. Кейбір білімсіз адамдардан еститініміз, олар хиджаб біздің елге таңсық, басқа елдің өзіндік киімі ғана деп есептейді, мысалы, ауғандықтардың шапаны, арабтардың қара түсті «абайя» дейтін, әйелді аяғынан басынан дейін жауып тұратын киімі секілді. Ал, тағы бір мұсылмандар  арабтардың әлгі «абайясы» мен түріктердің «чаршафынан» (түрік мұсылман әйелдерінің дәстүрлі киімі) өзгесі хижаб емес, болған күнде де ол толық хижаб болмайды деп, үзілді-кесілді пікір айтады әрі қыз-келіншектерге де солай үйретеді. Сонда, егер қарапайым көйлек пен белдемше немесе туника киетін болса, ол әйел дініміздің шартымен жабық киінген болып саналмайды. Мұндай үзілді-кесілді ой айту енді ғана әуретін жауып бастаған қыздарымызды шошытып әрі діннен алыстатады.

 

Хиджаб сөзінің дәлме-дәл аудармасы « жамылғы», яғни, жасыратын зат. Ханафи мәзхабы ғұламалары пікірінше:

- бет, екі қол (білезікке дейін) және, екі аяқ табанынан өзге бүкіл денені жауып тұрады;

- еркін киілетін (дене пішінін білдіртпейтіндей) кең болуы;

- өте жұқа болмауы тиіс;

- иіс сулар және өзге де парфюмерия түрі себілмеген;

- өзгенің назарын аудармас үшін, көзге түсер өте ашық түстер болмауы керек.

Дініміздегі шынайы әйел киімінің мақсаты - әйелдің әдемілігін жасырып, өзгенің артық назарын түсірмеу.  Сонымен қоса мұсылман әйел қауымы мына жайтты біле жүрейік: әйел баласына оранып жүру бұйрығы тікелей Жаратушының Өзі – Алла Тағаладан келген!

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары