Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Иманды бекіту жолындағы 10 амал
07 қазан, 2015 жыл 583 Басып шығару нұсқасы

1. Құран оқу, оның мағынасын түсіну. Бұл жүректі жұмсартып, тыныштық ұялатады. Құранды қолға алған сайын. Жанында Алла тұрғанын сезіну. Құран Кәрімде адамдарың дәрежелері туралы жазылған; қайсы топқа кіретінңізді ойланыңыз.


2. Алланың ұлық екенін ұғыну. Барлық тіршілік иесі оның басқаруында. Біздің барлық көріп тұрғанымыз Жаратушының құдыреті екенін түсіну. Алла бәрін де көруші. Ол тіпті айсыз қара түнде қара тауда өрмелеп жүрген қара құмырсқаны да көруші.


3. Білім аларда өмірге қажетті, Сіз үшін игілігі бар нәрсені үйреніңіз. Мысалы, дәрет алудың жолдары. Қай кинода,қай жерде, қашан түсіріліпті, онда қандай әртістер ойнапты деген ақпарат өміріңізге керегі шамалы екенін ұғыныңыз. Алланың есімдерін жаттаңыз. Жүрегінде құдайдан қорқу сезімі бар адам – ол басында ілімі бар адам деген сөз.


4. Алла туралы айтылатын жиындарға барыңыз. Ондай жиындарда адамдарға періштелер келеді.


5. Қайырымдылық шаралардың қатарын арттыру. Бір жақсы іс екінші жақсы іске бастама болады. Садақа беру секілді сауабы мол істің Алла алдын ашады, жолын жеңілдетеді. Мұндай қайырымдылық шараларды әрдайым істеп тұрған дұрыс.


6. Өлімді еске алу. Өлімді еске алу ақыреттік күннің жеңіл өтуіне себепші болады.


7. Ақыреттік күнді, қабірдегі өмірді, сұрақ-жауап алар сәтті жиі еске алу. Жанның жәннатта немесе тозаққа барарын ойлау.


8. Дұға ету, Аллаға бағынышты екенін сезіну. Бұл өмірдегі материалдық құндылықтарға байланып қалмау. Рухани дүние байлығын арттыруда әрекет ету.


9. Аллаға деген махаббат іспен көрініс табуы қажет. Барлық адам Алладан сұрағаны орындалатынына сенуі қажет. Күнә іс жасаудан қорқу қажет. Ұйықтар алдында бір күндік әрекетіңізді еске алу ертеңгі күнннің жақсы өтуіне жәрдем етпек.


10. Ең бастысы жақсы амал Аллаға махаббатты арттыратынын, ал күнә істер Аллаға сенімді азайтатынын ұғу. Өмірде кездесіп жатқан, әлемдегі болып жатқан барлық құбылыстар тек бір Алланың қалауымен екенін түсіну. Әр адамның басындағы бақытсыздық та Алланың қалауымен келеді. Ал бақытсыздықты қуанышпен толтыру адамның қалауымен жүзеге аспақ. Яғни, Алланы еске алып, жоғарыда аталған амалдарды орындау арқылы.


«Бала қажы» мешітінің наиб имамы Дариев Берік Алсейітұлы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары