Тілдік нұсқа
Радио

мақала

АТАМЫЗ АЙТЫП ЕДІ...
23 наурыз, 2020 жыл 27 Басып шығару нұсқасы

Біразын теріп жинақтадым. Өмір сүру салтында қолданатын қарапайым қағидасы еді.
✨Үйіңнен қонақ үзілмесін, әйел адамның ең үлкен -садақасы қонағын жақсы күткені;
✨Отау құрған екі жасқа есік-төр көрсетуге асық, үйіңнен өлім шықпай келуі керек;
✨Ауырған жанның көңілін сұра, қазасы барға көңіл айт, адамға содан артық демеу жоқ. Қиналғанда қолдау білдіре алған адам ғана жүректен орын алады;
✨Жақсылықты көп айт, жамандық онсызда көп болады;
✨Ғұсылмен жүріп, Бисмилләсіз ұйықтама. Себебі, ажалың қай күні келерін білмейсің;
✨ Киімнің ең жақсысын ки және соған лайық бол.
✨Жеті атаңды жатқа біл. Бала-шаға қайдан шыққаның үнемі айтып жүру керек.
✨Үнемі садаққа беріп жүр, келер бәлені жояды;
✨Түсіңе  аруақ кірсе, бет сипа, Құран бағышта оған сол ғана азық болады.
✨Қолыңнан келсе 30 күн оразаны ұста. Асқазанды ғана емес, ауызды- жаман сөзден, құлақты-өсектен, барлық денеңді нәпсіден тисаң ғана нағыз ораза болады. 30 күн үзбесең қаныңа сіңіп, ұстамшыл адамға айналасың.
✨ Келін мен күйеу баланы өз балаңнан да, жақсы көру керек сонда сыйластық, береке шаңырағыңа келеді.
✨ Келін салған сәлемін үлкен мән бар. Әуелі құдайға сондан кейін саған еңкейген келінге еркеше ықласпен қарау керек.
Пендешілікпен ұрсып көңіліне қаяу түсірсем, ғайбат айтып өсектесем, о дүниеге барғанда не деймін?
Сәлемнің де сұрауы бар емеспе?'
Оның алар ауырпашылығы өте зор. Сәлемін алсаң, тақуалығыңды ұстанып, соған лайық болу керек.Әйтпесе, қалғану құр көзбояушылық болады. Оданша, шын ниетпен тілеуімді тілеп батамды беріп отырғаным сол маған жеңіл!!

 

Nurgul Onerbekkizi фб –дағы парақшасынан

mazhab.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары