Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ӘЛИХАН БӨКЕЙХАННЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІ
23 наурыз, 2020 жыл 862 Басып шығару нұсқасы

Биыл – «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаушы, саяси қайраткер Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл.  ЮНЕСКО-ның Парижде өткен Бас конференциясының 38-сессиясында Әлиханның 150 жылдық мерейтойын 2016 жылы ЮНЕСКО көлемінде тойлау жөнінде шешім қабылданды. «Алаш» көсемінің ел игілігіне айналған нақыл сөздерін оқырман назарына ұсынамыз.

 

*** Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын.

 *** Халық ісін орнын салуға көп ақыл, көп қызмет, көп жылғы шебер істеген әдіс керек.

 *** Адам баласы бір-біріне өкімші де, құл да болған.

*** Байлық түбі - ақыл һәм қол ұсталығы. Осы екеуі қосылмай адам баласы қазынаға жарымайды.

*** Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса - башқұртша көріп мұжыққа сатып, біраз жылда сыпырылып жалаңаш шыға келеді.

*** Еуропада халық партия болғанда адаспас ақ жол табамыз деп, адам аспас асқар белден асамыз деп, жұрт ілгері басатын іс қыламыз деп таласады.

*** Қазақ сайлауы - жұртқа келген бір жұт: сайлау жылы мал бағусыз, егін салусыз, пішен шабусыз қалады.

***  Біздің қазақ-қырғыз дін ісін көркейтетін болса - үкімет ісін бөліп қойған оң болады.

 ***  Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық, саясат ісін ұғынбаса, тарих жолында тезек теріп қалады.

***  Байлық басы көпке байлаулы емес - базарда ақша болатынға байлаулы.

 ***  Француз, орыс һәм өзге жұрттың тарихынан көрінеді: молда үкіметтей ақша алса - сатылып кетеді. Рухани іс аяқ асты болады. Жалақы алған молдалар үкіметке жетекшіл болып, еріп кетеді.

***  Дүниеде не болса да бірте-бірте аздап ілгері басып болады.

***  Талас-тартыс жоқ болса - өмір абақтыға айналар еді.

***  Жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер табылса - қазақ халқы соңынан ерер еді.

***  Әр замананың өз рәсімі, өз салты бар. Біздің замандағы салт: әркім құқына таласу, хұқына тартысу болады. Жылау салты артта қалды.

***  Байлықты өнермен, шаруамен, қызметпен іздер болар.

***  Жер десе дірілдемей болмайды: жер мәселесі – өмір сүру мәселесінің зоры.

 *** Адам қызметіне кіріспей қазына тумайды.

 

Massaget.kz

mazhab.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары