Жүгіру жарысы. Жүгіру – күндегі мықты спорт жарыстарының бірі. Хадистерде Аллаһ елшісі осы спорт түріне сахабаларды ынталандырған. Осыған орай сахаба- лар да өзара жүгіріп жарысқан. Сондай-ақ, Хақ пайғамбар да бірде хазіреті Айшамен жүгіріп жарысады. Ендеше, бұл спорт түрін сүннет деп, осы тұрғыда халықты, әсіресе, жастарды жүгіру жарысына баулуға болады (Әбу Дәууд, Жиһад, 68).
Күрес. Хазіреті Пайғамбар балуандығымен танылған Руқанә деген бір адаммен күресіп, оны жеңгендігі кейбір деректерде жеткізілген (Ибн Хишам, Сияр, 1/390-391). Оның үстіне бір хадисте «мықты мұсылман әлсіз мұсылманнан хайырлы», – дегені де бар. Ендеше спорттың күрес түрімен айналысқандар да оның Пайғамбардың сүннеті екенін біліп, сол тұрғыда ниет етсе үлкен сауапқа ие болары сөзсіз.
Садақ ату. Садақ ату, мылтық ату жарысына келер болсақ, Аллаһ елшісі (саллалаһу аләйһи уә сәлләм) «Оларға қарсы қолдарыңнан келгенше күш әзірлеңдер» (Әнфәл» сүресі, 8/60). деген аятты – оқ ату деп түсіндірген. Сонымен қатар Алла елшісінің (саллалаһу аләйһи уә сәлләм) садақ атуға ынталандырған көптеген хадистер бар. Алайда, Пайғамбарымыз оқ ату жарысында тірі жануарды көздеуге тыйым салған (Қараңыз; Бухари, Зәбәих, 25).
Ат жарыс. Ат жарысы Пайғамбарымыздың әрқашан ынталандырып, жарыстан жеңгендерге сый-сияпат беріп, көбінесе өзі де қатысқан спорт түрінің бірі (Нәсәи, Хайл, 16; Тирмизи, Жиһад, 22.). Сондай- ақ, Пайғамбарымыз спорттың жүзу түріне де үмбетін қызықтырған. Пайғамбарымыз осы спорт түрлерінде адамға да, жануарға да қиыншылық көрсетуге тыйым салған.
«Отбасы ғылымхалы»
Пікірлер