Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ӨЗБЕКСТАН МҮФТИІ ҚМДБ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҮНДЕУІНЕ ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ
10 сәуір, 2020 жыл 139 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Усмонхон Алимов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының мұсылман әлеміне жасаған үндеуіне қолдау білдірді. Бұл туралы Діни басқармаға арнайы жолдаған қолдау хатында баяндады.

Өзбекстан мүфтиі хатында қазіргі уақытта коронавирус індетінің әлемді жайлап бара жатқанынына қынжылыс білдіріп, алаңдаушылық тудырғанын атай келе, осындай сын сағатта Өзбекстанда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ мұндай қиын шақта бірлесіп дұға жасаудың берекелі болатынын атап өтті.

«Арамыздағы алшақтыққа қарамастан, бәріміз рухани біргеміз. Біздің күшіміз – шынайы дұғамызда. Індет – Алланың бізге жіберген сынағы. Сынақты қабыл алып, індетпен лайықты күрессек, бізге Алланың мейірім-шапағаты болып, тәубемізді қабыл алады» деп атап өтті Усмонхон Алимов.

muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары