Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ПРЕЗИДЕНТ РАМАЗАН АЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
27 сәуір, 2020 жыл 8 Басып шығару нұсқасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рамазан айының басталуымен құттықтады. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

«Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – бүкіл әлемдегі мұсылман қауымы үшін рухани жаңару мен жаңғыру кезеңі. Рамазан айында әрдайым ырыс пен ынтымақ, ізгілік пен мейірім салтанат құрады. Отыз күн Оразада мұқтаж жандарды қолдап, қайырымдылық көрсету игі дәстүрге айналды.

Өкінішке қарай, биылғы Рамазан айы төтенше жағдай кезеңіне тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан жамағатты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынымдарын орындауға, індетке қарсы күресте бірлік пен жауапкершілік танытуға шақырамын. 

Біз, Қазақстан халқы, қанымызға сіңген қадір-қасиеттің арқасында кез-келген сынақтан абыроймен өтеміз деп сенемін. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары