Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Құрыдым, масқара!
19 қараша, 2015 жыл 69 Басып шығару нұсқасы
Жұмысқа жаңадан кірген жас инженер жиналыс кезінде үстел үстіндегі газетке қарап отырып, кенеттен орнынан ұшып тұрып «Құрыдым масқара» деп, жүгіріп бөлмесіне кіріп кетеді де есігін құлыптып алады.

Барлығы не болғанын білмей адбырап қалады. Фирма басшысы жиналысты тоқтатып:

* Оған бір нәрсе болып қалды ма? Абайлаңдар, өзін өлтіріп жүрмесін, -деп алаңдаушылық білдіреді.

Қалғандары өз пікірлерін айта бастайды:

* Білесіздер, бүгін биржа тұрақсыздыққа ұшырады. Оның үлкен үлесі болған шығар.

* Пайыз бен репо да болуы мүмкін. 200 пайыздан асты.

* Кеше доллар ауыстыратынын айтқан болатын. Бүгін доллар курсы күрт көтеріліп кеткендіктен миллиардтар жоғалтқан болу керек.

* Сіздер қателесесіздер. 3 күн бұрын аванс алған. Не болса да әйелімен ұрысқан шығар.

* Солай. Әйелін кеше көрдім. Дөрекі біреу болатын.

Фирма директоры:

* Әңгімемен уақытты жоғалтпайық. Бір сәтте тапаншаның даусы шығуы мүмкін іштен.

Директордың сөзінен кейін фирманың барлық қызметкерлері инженердің есігіне барды. Директор жылы сөзбен:

* Инженер мырза, –дейді, -Бауырым. Қате әрекет жасама. Білесің, бұл дүние өткінші. Бір күні онсыз да өлеміз.

Инженердің бөлмесінің есігі болаттан жасалғандықтан не істесе де сынбайды. Іштен ешқандай дыбыс та шықпайды. Өрт сөндірушілерге хабар береді. Алтыншы қабаттағы бөлменің терезелерінің астына брезент маталар керіліп, адамның сыртқа секіруін күтіп тұрады. Инженер 10 минуттан кейін есікті ашады. Жүзі нұрланып тұрып, ешнәрседен хабарсыз түрде есіктің алдындағы тобырға қарап:

* Екінті намазының уақыты өтіп кетуге сәл-ақ қалыпты, достар. Әйтеуір, үлгердім-ау деп жауап береді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары